Зерттеу университеттерінің, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының "Astana Business Campus" хайтек-паркінің және Алматыдағы "Алатау" технопаркінің базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциясы, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған 2016 – 2018 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 547 қаулысы

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 143 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Зерттеу университеттерінің, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының "Astana Business Campus" хайтек-паркінің және Алматыдағы "Алатау" технопаркінің базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциясы, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған 2016 – 2018 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
      2. Жол картасын орындауға жауапты мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар:
      1) Жол картасын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
      2) жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 1 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 30 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                Б.Сағынтаев

       Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 547 қаулысымен    
бекітілген       

Зерттеу университеттерінің, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының "Аstana Business Campus" хайтек-паркінің және Алматыдағы "Алатау" технопаркінің базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциясы, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған 2016 – 2018 жылдарға арналған жол картасы
 

Р/с №
 

Іс-шаралар
 

Аяқталу нысаны
 

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі
 

Қаржыландыру көздері
 

1

2

3

4

5

6

Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақтың энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласындағы білім беру құзыреттерін дамыту

1
 

Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларын дамыту бойынша әлемдік тәжірибені (оның ішінде ЭЫДҰ) зерделеу

БҒМ-ге ақпарат
 

ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша", "ТДЖҰА" АҚ (келісім бойынша)
 

2016 – 2017 жылдар
 

талап етілмейді
 

2
 

"Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салалары бойынша әлемдік деңгейдегі университеттер мен ғылыми орталықтарда кадр даярлау мәселесін пысықтау

БҒМ-ге ақпарат
 

"ХБО" АҚ (келісім бойынша)
 

2016 – 2017 жылдар
 

талап етілмейді
 

3
 

Инновациялық идеялардың, оның ішінде смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларын оқушылардың құзыреттілігін дамытуға бағытталған "Ұлы зерттеуге алғашқы қадам" республикалық конкурсын өткізу

конкурс
 
 

БҒМ
 

2017 жыл
 

БҒМ 099 "Сапалы орта білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының 103 "Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстар, республикалық деңгейдегі мектептен тыс іс-шараларды, жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде
 

2. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларындағы ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту

4
 

Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларындағы отандық және шетелдік ғылыми зерттеулер, мақалалар, жарияланымдар бойынша талдау жүргізу

БҒМ-ге ақпарат
 

"ҰҒТАО" АҚ (келісім бойынша)
 

2018 жыл
 

талап етілмейді
 

5
 

Ұлттық ғылыми кеңестердің смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларын дамыту бойынша бағыттарды арнайы ғылыми бағыттар ретінде қарауы

БҒМ-ге ақпарат
 

"МҰҒТСО" АҚ (келісім бойынша), "ҰҒТАО" АҚ (келісім бойынша)
 

2018 жыл
 

талап етілмейді
 

6
 

ЖОО мен ҒЗИ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжинирингті дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуі

БҒМ-ге ақпарат
 

ЖОО мен ҒЗИ
 

2017 – 2019 жылдар
 

БҒМ 217
"Ғылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
 

3. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласындағы өндірістік (кәсіби) құзыреттерді дамыту

7
 

Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласындағы өндірістік құзыреттерге бизнестің сұранысын айқындау

БҒМ-ге ақпарат
 

ИДМ, ЭМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша)
 

Жыл сайын
 

талап етілмейді
 

8
 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің базасында жобалау және инжиниринг саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін PLM технологиясын енгізе отырып, университеттік конструкторлық бюроның жұмыс істеуі

БҒМ-ге ақпарат
 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (келісім бойынша)
 

2016 – 2018 жылдар
 

талап етілмейді
 

9
 

Киберфизикалық жүйелерді интеграциялау бойынша құзыреттілік орталығын (тау-кен металлургиясы кешеніндегі ақылды индустрия) құру

БҒМ-ге ақпарат
 

ИДМ, "ИТП" ДҚҚ (келісім бойынша), "ТДЖҰА" АҚ (келісім бойынша) ЭМ
 

2017 жыл
 

ИДМ 210 "Инновациялық технологиялар паркі" Дербес кластерлік қорына нысаналы аударым" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
 

10
 

Смарт-технологиялар (ақылды орта), жобалау және инжиниринг, жасанды интеллект бойынша құзыреттілік орталығын құру

БҒМ-ге ақпарат
 

ИДМ, "ИТП" АҚҚ (келісім бойынша), ЭМ
 

2017 жыл
 

ИДМ 210 "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорына нысаналы аударым" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

11
 

Болашақ энергетикасы бойынша (жаңа энергетика және таза технологиялар) құзыреттілік орталығын құру
 

БҒМ-ге ақпарат
 

ИДМ, "ИТП" АҚҚ (келісім бойынша), ЭМ
 

2018 жыл
 

ИДМ 210 "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорына нысаналы аударым" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

12
 

Салалық мемлекеттік органдардың кәсіпорындардың өндірістік процестеріне смарт-технологияларды, жасанды интеллект элементтерін енгізуге, киберфизикалық жүйелерді интеграциялауға, болашақ энергетикасын, жобалау мен инжинирингті қолдануға бағытталған, оларды іске асыру жөніндегі жол карталарын бекітуі және технологиялық саясатты қалыптастыруы

Жол картасының іс-шараларын іске асыру туралы ИДМ-ге ақпарат
 
 

салалық мемлекеттік органдар, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
 
 

2017 – 2018 жылдар
 

талап етілмейді
 

13
 

Қалыптасқан технологиялық саясат шеңберінде смарт-технологияларды, жасанды интеллект саласындағы озық технологияларды енгізуге, киберфизикалық жүйелерді интеграциялауға, болашақ энергетикасын, жобалауды және инжинирингті ендіруге бағытталған серпінді жобаларды іске асыру

ИДМ-ге ақпарат
 

"ИТП" ДКҚ (келісім бойынша), ЭМ
 

2017 – 2018 жылдар
 

ИДМ 210 "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорына нысаналы аударым" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
 

14
 

Көрсеткіштердің, жобалардың, кәсіпорындардың, технологиялардың, консультанттардың және инновацияны дамыту саласындағы өзге де талдамалық және статистикалық ақпараттар тізілімін қалыптастыру

Көрсеткіштер тізілімі
 

ИДМ, БҒМ
 

2017 – 2018 жылдар
 

205 "Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының 100 "Ұлттық инновациялық жүйе институттарының қызмет ақысын төлеу" кіші бағдарламасы шеңберінде

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
      ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
      "ИТП" ДКҚ – "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры
      "ТДЖҰА" АҚ – "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы
      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
      "ҰҒТАО" АҚ – "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" акционерлік қоғамы
      "МҰҒТСО" АҚ – "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы
      "ХБО" АҚ – "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы
      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
      ҒЗИ – ғылыми зерттеу институттары
      ЖОО – жоғары оқу орындары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады