"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 60 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы

      ҚАУЛЬІ ЕТЕМІН:

      1. Банк секторын сауықтыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған республикалық бюджетке 1 (бір) триллион 92 (тоқсан екі) миллиард 941 (тоғыз жүз қырық бір) миллион 288 (екі жүз сексен сегіз) мың 400 (төрт жүз) теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа еигізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады