Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысы.

      ХАБАРЛАНДЫРУ

      Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.

      1. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды шығарған сот оларды жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарауы мүмкін.

      Бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін маңызды мәні бар, туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған заңды фактілер қайта қарау үшін негіздер болып табылады.

      Мазмұны бойынша басқа сот актісін шығаруға алып келетін осындай заңды фактілер маңызды мәні бар деп танылады.

      Соттар АПК-нің 455-бабының бірінші бөлігі заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін дербес негіз болып табылмайтынын ескеруі керек. Қайта қарау үшін негіздер АПК-нің 455-бабының екінші және үшінші бөліктерінде санамаланған, олар түпкілікті болып табылады және кеңейте түсіндіруге жатпайды.

      Тараптың мәлімделген талапқа негіздеме ретінде дәлелдемелер немесе оған қарсы арыз бермеуі не тараптың басқа тараптағы немесе үшінші тұлғалардағы дәлелдемелерді талап етіп алдыруға көмек көрсету туралы өтінішхатты соттың алдында мәлімдемеуі істі қарауға қатысқан тұлғаның процестік олқылықтарын куәландырады. Мұндай процестік олқылықтар, сонымен қатар жаңа дәлелдемелерді ұсыну заңды күшіне енген сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіз бола алмайды.

      2. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімдері, оның ішінде сырттай немесе оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарылған шешімдері, төмен тұрған сатының шешімі, қаулысы өзгертіліп немесе күші жойылып, іс бойынша жаңа процестік шешім шығарылған апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулылары қайта қаралуы мүмкін.

      Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша соттардың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымдары, сондай-ақ төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты және төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымдары қайта қаралуы мүмкін.

      Бірінші сатыдағы соттың істі мәні бойынша шешпеген өзге де актілері (мысалы, талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым, талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым, процестік мерзімді қалпына келтіру туралы немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарым, сот шешімін түсіндіру туралы ұйғарым, жеке ұйғарым) жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарауға жатпайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      3. АПК-нің 455-бабы бірінші бөлігіне сәйкес жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісі тұтастай қайта қаралуға тиіс.

      Сот актісінің қандай да бір жекелеген бөлігін қайта қарау туралы (мысалы, сот актісін қарсы талап бойынша, бір немесе бір іс жүргізуге біріктірілген бірнеше талаптар бойынша қайта қарау туралы) арыз қайтарылуға жатады.

      Заңды күшіне енбеген сот актісі жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жатпайды.

      4. Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін тараптар жасаған және сот бекіткен, даулы құқықтық қатынас бойынша тараптардың сот актісінде белгіленгеннен өзгеше құқықтар мен міндеттерді айқындайтын, АПК-нің 17-ші "Татуластыру рәсімдері" деп аталатын тарауында көзделген тәртіппен тараптардың дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімі жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайларға жатпайды. Мұндай келісімнің шарттарын тараптар дербес орындауға тиіс және алғашқы сот актісін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқарушылық іс жүргізу "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-ІV Заңының 47-бабы 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес тоқтатылуға жатады.

      5. АПК-нің 455-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдануға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар деп қайта қарау туралы арыз берілген, заңды күшіне енген сот үкімімен анықталған сот актісінің заңсыз және негізсіз шығарылуына әкеп соқтырған куә айғақтарының немесе сарапшы қорытындысының көрінеу жалған болуын, аударманың көрінеу дұрыс еместігін, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығын түсінген жөн.

      6. АПК-нің 455-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімімен анықталған осы азаматтық істі қарау кезінде іске қатысушы адамдардың, олардың өкілдерінің не судьялардың жасаған қылмыстық әрекеттерін (мысалы, сыбайлас жемқорлық қылмыс, тарапқа, өкілге, куәлерге қатысты параға сатып алу немесе қорқыту) жаңадан ашылған мән-жайлар деп түсінген жөн.

      Сот актілерін қайта қарау туралы арыз берілген азаматтық іс қаралмаған кезде АПК-нің 455-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасында санамаланған адамдардың жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін оларды соттау жаңадан ашылған мән-жайларға жатқызылмайды.

      Бұл нормативтік қаулының осы тармағында және 5-тармағында санамаланған мән-жайлар үкімнен басқа соттың немесе қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыларымен анықталуы мүмкін.

      7. АПК-нің 455-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдануға қатысты, егер сот актілері не өзге де мемлекеттік органның актілері азаматтық іс бойынша сот актісін шығаруға негіз болып табылса, заңда белгіленген тәртіппен олардың күшін жою жаңадан ашылған мән-жайлар деп түсініледі.

      Өзге мемлекеттік органның қаулысы деп уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысын, атқарушы билік органының жеке-дара немесе алқалы актісін, жергілікті өкілді органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының актілерін түсіну қажет.

      Мемлекеттік органдар қаулыларының күшін жою деп соттың оларды заңсыз деп тануын, сонымен қатар жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның заңда белгіленген тәртіппен аталған қаулылардың күшін жоюын түсінген жөн.

      8. АПК-нің 455-бабы үшінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сот актілері жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. Қайта қарау туралы арыз берілген сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін туындаған мән-жайлар жаңа мән-жайлар болып табылады.

      АПК-нің 455-бабы үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес осы азаматтық істі қараған кезде АПК-нің 76-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері ережелерінің негізінде дәлелдеусіз қабылданған мән-жайлар анықталған сот актісінің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот қаулысы жаңа мән-жай деп түсініледі.

      АПК-нің 455-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасына сай дау айтылатын мәмілені жарамсыз деп тану және оның жарамсыздығының салдарларын қолдану туралы, сонымен қатар маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарларын қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі жаңа мән-жай деп түсініледі.

      АПК-нің 455-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдануға қатысты, сот актісін шығару кезінде қолданылған заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тану туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімі жаңа мән-жай болып табылады.

      АПК-нің 455-бабы үшінші бөлігінің 4) тармақшасына орай орындау туралы сот актісі шығарылған төрелік шешімнің күшінің жойылуы жаңа мән-жай болып табылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      9. Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды (бұдан әрі – қайта қарау туралы арыз) тараптар және іске қатысқан басқа адамдар немесе прокурор ғана бере алады.

      Қайта қарау туралы арызбен жүгіну құқығы АПК-нің 53-бабының тәртібімен іске қатысқан адамдарың процестік құқық мирасқорларына да тиесілі.

      10. Іске қатысуға тартылмаған адамдардың қайта қарау туралы арыз беруге құқығы болмайды. Егер заңды күшіне енген сот актісінде аталған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе шешілген болса, олар АПК-нің 126-бабының тәртібімен апелляциялық шағым беру үшін процестік мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат беруге құқылы.

      11. Сот актісін қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында беріледі, арыз беруші адам немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды не олардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және АПК-нің 458-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Арыз азаматтық істі қараған кезде соттың ұйғарымымен белгіленген сот ісін жүргізу тілінде беріледі.

      Егер қайта қарау туралы арыз АПК-нің 456 және 457-баптарында белгіленген қағидалар бұзылып, белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаса немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылса, егер арыз тіліне, нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар сақталмаса, ол қайтарылуға жатады.

      Қайта қарау туралы арыз, егер оны арыз беруші қаралғанға дейін кері қайтарып алса, беруге немесе оған қол қоюға өкілеттіктері жоқ адам не әрекетке қабілетсіз адам берсе немесе қол қойса, қайтарылуға жатады.

      Егер қайта қарау туралы арыз АПК-нің 55-тарауының қағидаларымен қараудың нысанасы болған мән-жайларға негізделсе, АПК-нің 151-бабына ұқсастық бойынша оны қабылдаудан бас тарту керек.

      Қайта қарау туралы арызды қайтару туралы және оны қабылдаудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      АПК-нің 429-бабының жетінші бөлігіне ұқсастық бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару мәселесі жөніндегі жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымы түпкілікті болып табылады және кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      12. Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз түскен күннен бастап ол соттың іс жүргізуіне қабылданды деп есептеледі.

      Судья арызды іс жүргізуге қабылдап алып ұйғарым шығарады, онда арызды қарау бойынша сот отырысын өткізу күні мен орнын көрсетеді.

      Судья ұйғарымның көшірмесін іске қатысатын адамдарға жібереді және оларға арыздың қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      13. Қайта қарау туралы арызды сот актісін шығарған сот қарайды.

      Мұндай сот болып сот актісін шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы, апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы соттың алқалы құрамдары, сонымен қатар істі АПК-нің 402-бабының үшінші абзацында көзделген тәртіппен қараған, іс бойынша жаңа процестік шешім шығара отырып, сот актісін өзгерту немесе оның күшін жою туралы қаулы шығарған апелляциялық сатыдағы судья танылады.

      Кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымының, қаулысының күшін жойған және бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын, шешімін күшінде қалдырған жағдайда, қайта қарау туралы арыз бірінші сатыдағы сотта қаралады.

      1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі қолданылған кезеңде қабылданған облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша осы облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер бойынша сот алқасы алқалы құрамда қайта қарайды.

      14. Қайта қарау туралы арыз беруге арналған үш айлық мерзім АПК-нің 459-бабының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында белгіленген оқиғалар туындаған күннен кейінгі күннен бастап есептелуге жатады.

      Егер көрсетілген мерзім сот дәлелді деп таныған себептер бойынша өткізіп алынған болса, ол қалпына келтірілуі мүмкін. Қайта қарау туралы арызбен бір мезгілде мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелді екенін растайтын құжатпен бірге беріледі.

      Мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігі туралы мәселені шешу кезінде соттың өткізіп алу себептерінің дәлелді екенін, сонымен қатар жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлардың бар болуын білгеннен немесе білуге тиіс болғаннан кейін арыз берушінің сотқа қайта қарау туралы арызбен уақтылы жүгінгенін ескергені жөн.

      15. Қайта қарау туралы арыз сот отырысында бірінші сатыдағы сотқа келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарда – іс келіп түскен күнінен бастап көрсетілген мерзімде қаралады. Іс сотқа арыз түскен күннен бастап бес жұмыс күн кешіктірмей сұратылуы тиіс.

      Сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілген арыз берушінің және іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды.

      16. Қайта қарау туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарымы АПК-нің 269-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай болуға тиіс.

      Ұйғарымның уәждеу бөлігінде:

      арыз берушінің арызында сілтеме жасаған мән-жайлардың АПК-нің 455-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар санатына жататыны-жатпайтыны, атап айтқанда;

      бұл мән-жайлардың қайта қарау туралы арыз берілген сот актісін соттың шығарған күніне болғаны-болмағаны, арыз берушіге мәлім болғаны-болмағаны немесе мәлім болуының мүмкін болғаны-болмағаны және олардың арыз берушіге қашан белгілі болғаны;

      бұл мән-жайлардың қайта қарау туралы арыз берілген сот актісін сот қабылдағаннан кейін туындағаны-туындамағаны, олардың арыз берушіге қашан белгілі болғаны;

      арызда көрсетілген мән-жайлардың маңызды болуы-болмауы және қайта қарау туралы арыз берілген сот актісінің мазмұнына қалай әсер ететіні көрсетілуге тиіс.

      Егер қайта қарау туралы арыз қанағаттандырылуға жататын болса, онда ұйғарымның қарар бөлігінде арызды қанағаттандыру туралы және жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша іс бойынша шығарылған сот актісінің күшін жою туралы көрсетілуге тиіс.

      17. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымына шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдарын АПК-нің 54-тарауының қағидалары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.

      Кассациялық сатыдағы соттың ұйғарымдары АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ғана қайта қаралуы мүмкін.

      Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы төмен тұрған соттың ұйғарымының күшін жойған жағдайда, апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот істі жаңадан қарау үшін тиісті сотқа беріп, мәселені мәні бойынша шешуге құқылы.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      18. Егер қайта қарау туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымында қате жазуларға немесе анық арифметикалық қателерге жол берілген болса, олар АПК-нің 235-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.

      19. Іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға берілген кезде сот ісін жүргізуге істі қабылдау туралы ұйғарым шығарылмайды, бірақ АПК-нің 165-бабына сәйкес судья істі сот талқылауына дайындау жөніндегі қажетті әрекеттерді жүргізеді.

      Істі жаңа сот талқылауына дайындау мерзімін заңды күшіне енген сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы ұйғарым күшіне енген күнінен бастап есептеген жөн. Қайта қарау туралы ұйғарымды жоғары тұрған сот шығарған жағдайда, дайындауға берілетін мерзім іс тиісті сотқа келіп түскен сәттен бастап есептеледі.

      Істі жаңа сот талқылауына дайындауға берілетін мерзім АПК-нің 164-бабында көрсетілген негіздер бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      20. Азаматтық істі жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша күші жойылған сот актісін шығаруға қатысқан судьялар қайта қарауы мүмкін.

      Егер қайта қарау туралы арыз берілген, сот актісін шығарған судья өзінің науқастануына, демалысына, оқуда, қызметтік іссапарда болуына орай қарай алмаса, сонымен қатар оның өкілеттіктері тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайларда, арызды сол сотта басқа судья қарайды.

      Осы қағида қайта қарау туралы арыз берілген, сот актісін шығарған соттың алқалы құрамына да қолданылады.

      АПК-нің 38-бабы бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде судья жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісінің күші жойылған істі қайта қарай алмайды.

      21. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерінің күші жойылғаннан кейін іс АПК-нің нормаларында белгіленген қағидалар бойынша қаралуға тиіс.

      Істі жаңадан қараған кезде судья АПК-нің 156, 157-баптарына сәйкес мәлімделген талапты қамтамасыз етуге немесе сот шешімін орындауды бұруға бағытталған қамтамасыз ету шараларын қабылдауға құқылы.

      Істі жаңадан қарау нәтижелері бойынша қабылданған сот актісі АПК-нің 226 және 269-баптарының талаптарына сай болуға тиіс.

      22. Егер жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша күші жойылған сот актісі толық немесе ішінара орындалса, ал істі жаңадан қараған кезде басқа шешім шығарылса, онда сот АПК-нің 247, 248-баптарына сәйкес сот шешімін орындауды бұру туралы мәселені шешуге міндетті.

      23. Мыналардың:

      1) "Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысының;

      2) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысының 16-тармағының;

      3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысының 10-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      24. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы Г.Әлмағамбетова

О применении судами норм Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан при пересмотре судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 8 декабря 2017 года № 12.

      ОБЪЯВЛЕНИЕ


      В целях единообразного применения норм Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – ГПК) при пересмотре вступивших в законную силу судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан постановляет дать следующие разъяснения.

      1. Вступившие в законную силу решения, определения и постановления могут быть пересмотрены судом, вынесшим их, по вновь открывшимся или новым обстоятельствам.

      Основаниями для пересмотра являются юридические факты, имеющие существенное значение для правильного разрешения ранее рассмотренного дела, которые возникли или имели место, однако о них стало известно после вступления судебного акта в законную силу.

      Имеющими существенное значение признаются такие юридические факты, которые влекут вынесение другого по содержанию судебного акта.

      Судам следует иметь в виду, что часть первая статьи 455 ГПК не является самостоятельным основанием для пересмотра вступивших в законную силу судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам. Основания для пересмотра перечислены в частях второй и третьей статьи 455 ГПК, они являются исчерпывающими и расширительному толкованию не подлежат.

      Непредставление стороной доказательств в обоснование заявленного требования или возражений против него либо незаявление стороной перед судом ходатайства об оказании содействия в истребовании доказательств, находящихся у другой стороны или третьих лиц, свидетельствует о процессуальных упущениях участвовавшего в рассмотрении дела лица. Такие процессуальные упущения, а также представление новых доказательств не могут являться основанием к пересмотру вступившего в законную силу судебного акта по вновь открывшимся или новым обстоятельствам.

      2. По вновь открывшимся или новым обстоятельствам могут быть пересмотрены вступившие в законную силу решения суда первой инстанции, в том числе решения, вынесенные в порядке заочного или упрощенного (письменного) производства, постановления апелляционной и кассационной инстанций, которыми изменены или отменены решение, постановление нижестоящей инстанции с вынесением по делу нового процессуального решения.

      По вновь открывшимся или новым обстоятельствам могут быть пересмотрены определения судов о прекращении производства по делу, а также определения суда по результатам рассмотрения ходатайства об отмене арбитражного решения и заявления о принудительном исполнении арбитражного решения.

      Иные акты суда первой инстанции, которыми дело не разрешено по существу (например, определение об отказе в принятии искового заявления, определение о возвращении искового заявления, определение о восстановлении или об отказе в восстановлении процессуального срока, определение о разъяснении решения суда, частное определение), по вновь открывшимся или новым обстоятельствам пересмотру не подлежат.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 15.04.2021 № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. В соответствии с частью первой статьи 455 ГПК пересмотру по вновь открывшимся обстоятельствам или новым обстоятельствам подлежит судебный акт в целом.

      Заявление о пересмотре судебного акта в какой-либо отдельной его части (например, о пересмотре судебного акта по встречному иску, по одному или нескольким объединенным в одно производство требованиям) подлежит возврату.

      Не подлежит пересмотру по вновь открывшимся или новым обстоятельствам судебный акт, не вступивший в законную силу.

      4. Соглашение об урегулировании сторонами спора (конфликта) в порядке, предусмотренном главой 17 ГПК "Примирительные процедуры", заключенное сторонами после вступления судебного акта в законную силу и утвержденное судом, которым по спорному правоотношению определяются права и обязанности сторон, отличные от установленных судебным актом, не относится к вновь открывшимся или новым обстоятельствам. Условия такого соглашения подлежат исполнению сторонами самостоятельно, а исполнительное производство по принудительному исполнению первоначального судебного акта подлежит прекращению в соответствии с подпунктами 2) и 2-1) пункта 1 статьи 47 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года № 261-IV "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей".

      5. Под вновь открывшимися обстоятельствами, применительно к подпункту 1) части второй статьи 455 ГПК, следует понимать установленные вступившим в законную силу приговором суда заведомая ложность показаний свидетеля или заключения эксперта, заведомая неправильность перевода, подложность документов либо вещественных доказательств, повлекшие за собой вынесение незаконного и необоснованного судебного акта, о пересмотре которого подано заявление.

      6. В соответствии с подпунктом 2) части второй статьи 455 ГПК под вновь открывшимися обстоятельствами следует понимать установленные вступившим в законную силу приговором суда преступные действия участвующих в деле лиц, их представителей, либо судей, совершенные при рассмотрении данного гражданского дела (например, коррупционное преступление, подкуп или угроза в отношении стороны, представителя, свидетелей).

      Осуждение перечисленных в подпункте 2) части второй статьи 455 ГПК лиц за уголовные правонарушения, совершенные не при рассмотрении гражданского дела, по которому подано заявление о пересмотре судебных актов, к вновь открывшимся обстоятельствам не относится.

      Перечисленные в данном пункте и пункте 5 настоящего нормативного постановления обстоятельства могут быть установлены, помимо приговора, вступившими в законную силу постановлениями суда или других государственных органов и должностных лиц, осуществляющих функции уголовного преследования, о прекращении уголовного дела за истечением срока давности, вследствие акта амнистии, в связи со смертью обвиняемого или недостижением возраста для привлечения к уголовной ответственности.

      7. Под вновь открывшимися обстоятельствами, применительно к подпункту 3) части второй статьи 455 ГПК, понимается отмена в установленном законом порядке судебных актов либо акты иного государственного органа, если они явились основанием к вынесению судебного акта по гражданскому делу.

      Под постановлением иного государственного органа следует понимать постановление должностного лица уполномоченного государственного органа по делу об административном правонарушении, единоличный или коллегиальный акт органа исполнительной власти, акты местного представительного органа или органа местного самоуправления.

      Под отменой постановлений государственных органов следует понимать признание их незаконными судом, а также отмена указанных постановлений вышестоящим органом или должностным лицом в установленном законом порядке.

      8. По основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 2), 3), 4) части третьей статьи 455 ГПК, судебные акты могут быть пересмотрены по новым обстоятельствам. Новыми являются обстоятельства, которые возникли после вступления в законную силу судебного акта, о пересмотре которого заявлено.

      В соответствии с подпунктом 1) части третьей статьи 455 ГПК под новым обстоятельством понимается вступившее в законную силу судебное постановление об отмене судебного акта, которым были установлены обстоятельства, принятые без доказывания при рассмотрении данного гражданского дела, на основании положений частей второй, третьей, четвертой и пятой статьи 76 ГПК.

      Согласно подпункту 2) части третьей статьи 455 ГПК под новым обстоятельством понимается вступившее в законную силу решение суда о признании оспоримой сделки недействительной и применении последствий ее недействительности, а также о применении последствий недействительности ничтожной сделки.

      Применительно к подпункту 3) части третьей статьи 455 ГПК новым обстоятельством является итоговое решение Конституционного Совета Республики Казахстан о признании неконституционными законов и иных нормативных правовых актов, с применением которых вынесен судебный акт.

      В силу подпункта 4) части третьей статьи 455 ГПК, новым обстоятельством является отмена арбитражного решения, об исполнении которого вынесен судебный акт.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 15.04.2021 № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9. Заявление о пересмотре вступивших в законную силу судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам (далее – заявление о пересмотре) может быть подано только сторонами и другими лицами, участвовавшими в деле или прокурором.

      Право на обращение с заявлением о пересмотре принадлежит также процессуальным правопреемникам участвовавших в деле лиц в порядке статьи 53 ГПК.

      10. Лица, не привлеченные к участию в деле, не обладают правом на подачу заявления о пересмотре. Если вступившим в законную силу судебным актом разрешен вопрос о правах и обязанностях указанных лиц, они вправе ходатайствовать о восстановлении процессуального срока для подачи апелляционной жалобы или ходатайства о пересмотре судебного акта в кассационном порядке.

      11. Заявление о пересмотре судебного акта подается в суд в письменной форме или в форме электронного документа, подписывается лицом, подающим заявление, или его уполномоченным представителем, либо удостоверяется их электронной цифровой подписью и должно отвечать требованиям, предусмотренным частями второй, третьей и четвертой статьи 458 ГПК.

      Заявление подается на языке судопроизводства, установленного определением суда при рассмотрении гражданского дела.

      Если заявление о пересмотре подано с нарушением правил, установленных статьями 456 и 457 ГПК, после истечения установленного срока и отсутствует ходатайство о его восстановлении или в восстановлении пропущенного срока подачи заявления отказано, если не соблюдены требования, предъявляемые к языку, форме и содержанию заявления, оно подлежит возврату.

      Заявление о пересмотре подлежит возврату, если оно отозвано заявителем до его рассмотрения, подано или подписано лицом, не обладающим полномочиями на его подачу или подписание, либо недееспособным лицом.

      Если заявление о пересмотре обосновано обстоятельствами, которые уже были предметом рассмотрения по правилам главы 55 ГПК, в его принятии следует отказать по аналогии со статьей 151 ГПК.

      Определение суда о возвращении заявления о пересмотре и об отказе в его принятии может быть обжаловано, пересмотрено по ходатайству прокурора.

      Определение суда апелляционной инстанции, вынесенное по частной жалобе или ходатайству прокурора, по вопросу возврата заявления о пересмотре является окончательным и пересмотру в кассационном порядке не подлежит по аналогии с частью седьмой статьи 429 ГПК.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 15.04.2021 № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      12. Заявление о пересмотре судебного акта по вновь открывшимся или новым обстоятельствам считается принятым к производству суда со дня его поступления.

      Приняв заявление к производству, судья выносит определение, в котором указывает дату и место проведения судебного заседания по рассмотрению заявления.

      Судья направляет копию определения лицам, участвующим в деле, и извещает их о времени и месте рассмотрения заявления.

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 15.04.2021 № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      13. Заявление о пересмотре рассматривается судом, вынесшим судебный акт.

      Под таким судом понимается судья суда первой инстанции, вынесший судебный акт, коллегиальные составы суда апелляционной или кассационной инстанции, а также судья апелляционной инстанции, рассмотревший дело в порядке, предусмотренном абзацем третьим статьи 402 ГПК, вынесшие постановление об изменении или отмене судебного акта с принятием по делу нового процессуального решения.

      В случае, когда суд кассационной инстанции отменяет определение, постановление суда апелляционной инстанции и оставляет в силе определение, решение суда первой инстанции, заявление о пересмотре рассматривается судом первой инстанции.

      Судебные акты судебных коллегий областных и приравненных к ним судов, принятые в период действия ГПК от 13 июля 1999 года, пересматриваются по вновь открывшимся или новым обстоятельствам судебной коллегией по гражданским делам этого областного и приравненного к нему суда в коллегиальном составе.

      14. Трехмесячный срок на подачу заявления о пересмотре подлежит исчислению со дня, следующего за днем наступления событий, установленных подпунктами 1), 2), 3), 4), 5) статьи 459 ГПК.

      Указанный срок может быть восстановлен, если он пропущен по причинам, признанным судом уважительными. Одновременно с заявлением о пересмотре подается ходатайство о восстановлении срока с приложением документа, подтверждающего уважительность причин пропуска срока.

      При решении вопроса о возможности восстановления срока суду необходимо учитывать не только уважительность причин пропуска, но и своевременность обращения в суд с заявлением о пересмотре после того, как заявитель узнал или должен был узнать о наличии вновь открывшихся или новых обстоятельств.

      15. Заявление о пересмотре рассматривается в судебном заседании в течение пятнадцати рабочих дней со дня его поступления в суд первой инстанции, а в судах апелляционной и кассационной инстанций – в указанный срок со дня поступления дела. Дело должно быть запрошено судом не позднее пяти рабочих дней со дня поступления заявления.

      Неявка заявителя и лиц, участвующих в деле, надлежащим образом извещенных о месте и времени судебного заседания, не является препятствием к рассмотрению заявления.

      16. Определение суда по результатам рассмотрения заявления о пересмотре должно соответствовать требованиям, указанным в части первой статьи 269 ГПК.

      В мотивировочной части определения должно быть указано:

      относятся ли обстоятельства, на которые заявитель ссылается в заявлении, к категории вновь открывшихся или новых обстоятельств, предусмотренных частями второй и третьей статьи 455 ГПК, в частности,

      существовали ли эти обстоятельства на день вынесения судом судебного акта, о пересмотре которого подано заявление, были ли или могли ли быть известны заявителю и когда они стали известны заявителю;

      возникли ли эти обстоятельства после принятия судом судебного акта, о пересмотре которого подано заявление, когда они стали известны заявителю;

      являются ли указанные в заявлении обстоятельства существенными и как могут повлиять на результат рассмотрения дела.

      Если заявление о пересмотре подлежит удовлетворению, то в резолютивной части определения должно быть указано об удовлетворении заявления и об отмене вынесенного по делу судебного акта по вновь открывшимся или новым обстоятельствам.

      17. Определение суда, вынесенное по результатам пересмотра вступивших в законную силу судебных актов, может быть обжаловано, пересмотрено по ходатайству прокурора.

      Определения суда апелляционной инстанции могут быть пересмотрены в кассационном порядке Верховным Судом Республики Казахстан по правилам главы 54 ГПК.

      Определения суда кассационной инстанции могут быть пересмотрены лишь при наличии оснований, предусмотренных частью шестой статьи 438 ГПК.

      В случае отмены определения нижестоящего суда об отказе в удовлетворении заявления о пересмотре судебного акта по вновь открывшимся или новым обстоятельствам суд апелляционной или кассационной инстанции вправе решить вопрос по существу с передачей дела на новое рассмотрение в соответствующий суд.

      Сноска. Пункт 17 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 15.04.2021 № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      18. Если в определении суда по результатам рассмотрения заявления о пересмотре допущены описки или явные арифметические ошибки, они подлежат устранению в порядке, предусмотренном статьей 235 ГПК.

      19. При передаче дела на новое рассмотрение в суд первой инстанции определение о принятии дела в производство суда не выносится, но в соответствии со статьей 165 ГПК судья проводит необходимые действия по подготовке дела к судебному разбирательству.

      Срок на подготовку дела к новому судебному разбирательству надлежит исчислять со дня вступления в силу определения о пересмотре вступившего в законную силу судебного акта по вновь открывшимся или новым обстоятельствам. В случае вынесения определения о пересмотре вышестоящим судом срок на подготовку исчисляется с момента поступления дела в соответствующий суд.

      Срок на подготовку дела к новому судебному разбирательству может быть продлен по основаниям, указанным в статье 164 ГПК.

      Сноска. Пункт 19 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 15.04.2021 № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      20. Гражданское дело может быть повторно рассмотрено судьями, принимавшими участие в вынесении судебного акта, отмененного по вновь открывшимся или новым обстоятельствам.

      Если судья, вынесший судебный акт, о пересмотре которого подано заявление, не может его рассмотреть ввиду болезни, отпуска, пребывания на учебе, нахождения в служебной командировке, а также в случаях прекращения или приостановления его полномочий, заявление рассматривается в том же суде другим судьей.

      Данное правило распространяется и на коллегиальный состав суда, вынесшего судебный акт, о пересмотре которого подано заявление.

      При наличии предусмотренных частью первой статьи 38 ГПК оснований судья не может повторно рассматривать дело, по которому судебный акт отменен по вновь открывшимся или новым обстоятельствам.

      21. После отмены судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам дело подлежит рассмотрению по правилам, установленным нормами ГПК.

      При новом рассмотрении дела судья в соответствии со статьями 156, 157 ГПК вправе принять такие обеспечительные меры, которые направлены на обеспечение заявленного иска или на поворот исполнения решения суда.

      Принятый по результатам нового рассмотрения дела судебный акт должен соответствовать требованиям статей 226 и 269 ГПК.

      22. Если судебный акт, отмененный по вновь открывшимся или новым обстоятельствам, исполнен полностью или частично, а при новом рассмотрении дела вынесено другое решение, то суд в соответствии со статьями 247, 248 ГПК обязан решить вопрос о повороте исполнения решения.

      23. Признать утратившими силу:

      1) нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 25 декабря 2007 года № 12 "О некоторых вопросах пересмотра судебных актов по гражданским делам по вновь открывшимся обстоятельствам";

      2) пункт 16 нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 5 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан";

      3) пункт 10 нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан от 29 декабря 2012 года № 6 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан".

      24. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель Верховного
Суда Республики Казахстан
К. МАМИ
     
      Судья Верховного
Суда Республики Казахстан,
секретарь пленарного заседания
Г. АЛЬМАГАМБЕТОВА