Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.07.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 17, 18, 19, 20, 21-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2017 жылғы 15 маусымдағы | |
№ 370 қаулысымен | |
бекітілген |
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық жоспарда реттелетін қызмет салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және қондырғылар үшін бөлінген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемімен бірге қондырғылардың тізбесі белгіленеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) белгіленген мөлшер – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;
2) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті –парниктік газдар шығарындыларының өнімнің бірлігіне арақатынасының көрсеткіші;
3) базалық желі – белгіленген кезеңде шығарылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі;
4) парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі –парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша міндеттемелерге сәйкес есептеліп, мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында бөлінетін, Ұлттық жоспарда белгіленген мөлшер.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібі
5. Қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері негізінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) қысқарту жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, базалық желіні қолдану негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 965 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Тиісті кезеңге арналған ұлттық жоспар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Ұлттық жоспар қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей қондырғы операторларынан парниктік газдар шығарындыларына квоталарды есептеу үшін қажетті деректерді сұрайды.
Қондырғы операторы уәкілетті органға Ұлттық жоспар қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұранысқа жауап береді.
Қондырғыдан деректер ұсынылмаған немесе дұрыс толтырылмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу көміртегі қостотығының шығарындылары және (немесе) 2013 – 2015 жылдардағы өнім өндірісінің түрлері, көлемдері бойынша деректер негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 965 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Ұлттық жоспарда базалық желіні қолдану негізінде қондырғылар үшін бір жылға бөлінетін квоталар қондырғылардың қостотығы шығарындыларының Ұлттық жоспарда айқындалатын жылдар ішіндегі көлемінің орташа шамасы ескеріле отырып есептеледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 965 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Ұлттық жоспарда парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде қондырғылар үшін бір жылға бөлінетін квоталар Ұлттық жоспарда айқындалатын жылдар ішіндегі өнім көлемінің орташа мәнін парниктік газдар шығарындыларының тиісті үлестік коэффициенттеріне көбейту жолымен есептеледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 965 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Ұлттық жоспарда белгіленген жылдары өнім өндіруді жүзеге асырмаған қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде бөлінетін квоталар тиісті кезеңге арналған Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде жоспарланған өнім өндірісінің көлемін тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентіне көбейту жолымен есептеледі.
Тиісті кезеңге арналған ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының және өзге де өндірістік құжаттамаларының деректерімен расталады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 965 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Уәкілетті орган Ұлттық жоспардың әзірленген жобасын оның қолданылу мерзімі басталатын күнге дейін екі айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады.
11. Ұлттық жоспар оның қолданылу кезеңінің алдындағы жылдың
15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.
3-тарау. Ұлттық жоспардағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібі
12. Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резерві осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес бөлінген парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемін шегере отырып, парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша міндеттемелерге сәйкес қалыптастырылады.
13. Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резерві Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне қалыптастырылады.
14. Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резерві мыналар:
1) жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу;
РҚАО-ның ескертпесі!2) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді.
2) Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қосымша квоталар беру;
РҚАО-ның ескертпесі!3) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді.
3) Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде пайдаланылуына Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талаптары қолданылатын әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін беру;
5) аукцион шартымен квоталарды сату үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қамтиды.
15. Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлу уәкілетті орган бекіткен Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
16. Белгіленген мөлшер резерві оның көлемін (көміртегі бірліктерінің санын) көздейтін уәкілетті органның шешімдері негізінде қалыптастырылады.
4-тарау. Қондырғыларды Ұлттық жоспарға енгізу және одан алып тастау тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі!
17-тармақ 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді.
17. Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде оған мынадай қондырғылар:
1) Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде айқындалған Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талабы қолданылатын қондырғы;
2) пайдалануға енгізілген жылынан бастап келесі жылға арналған жаңа қондырғы;
3) Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талабы қолданылатын әкімшілендіру субъектісінің қондырғысы кіреді.
РҚАО-ның ескертпесі!18-тармақ 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді.
18. Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талабы қолданылатын қондырғы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша парниктік газдарды түгендеу туралы верификациялық есеп ұсынылғаннан кейін Ұлттық жоспарға енгізіледі, оған сәйкес қондырғы шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асады.
РҚАО-ның ескертпесі!19-тармақ 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді.
19. Жаңа қондырғы пайдалануға енгізілген жылынан кейінгі келесі жылғы Ұлттық жоспарға енгізіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!20-тармақ 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді.
20. Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талабы қолданылатын әкімшілендіру субъектісінің қондырғысы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша парниктік газдарды түгендеу туралы верификациялық есеп ұсынылған жылдан кейінгі келесі жылы Ұлттық жоспарға енгізіледі, оған сәйкес қондырғы шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асады.
РҚАО-ның ескертпесі!21-тармақ 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді.
21. Операторлары таратылған қондырғылар Ұлттық жоспардан алып тастауға жатады.
Қондырғы операторы уәкілетті органға есептік жылдағы парниктік газдарды түгендеу туралы верификациялық есеп көшірмесімен қоса өтініш берген жағдайда, Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талабы қолданылатын қондырғылар Ұлттық жоспардан алып тастауға жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 370 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 655-құжат).
2. "Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, 732-құжат).
3. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 565 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 39, 290-құжат).
4. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1138 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 585-құжат).
5. "Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына
квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №716 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 221 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 23-24, 133-құжат).