Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012, № 48, 655-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларында:
14-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірленген ұлттық жоспардың жобасын оның қолдану мерзімі басталатын күнге дейін үш айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |