РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының оныншы және он бірінші абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 603 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 63-64, 496-құжат;):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
1-бөлімнің 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.
Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес мөлшерде жүзеге асырылады.
Өтініш берілген күнге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.
Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.".
8. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулы:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 125) тармақшасын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-1), 86-1), 93-1), 95-1) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының 83) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ережеде:
82) тармақша алып тасталсын;
83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"83) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттарының қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 83-1), 86-1), 93-1) және 95-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"83-1) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттарының, шартты зейнетақы шоттарының қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
"86-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
"93-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;";
"95-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.