Қазақстан Республикасы Үкіметімен "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 603 қаулысы қабылданды.
Қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 маусымдағы №76-VI Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Қаулымен:
- ҚР Еңбек кодексімен "зиянды (ерекше зиянды)" сөз тіркесінде "(ерекше зиянды)" сөзін алып тастау бөлімінде сәйкес келтіру;
- 2018 жылдан 1 қаңтардан бастап белгіленген кесте бойынша БЖЗҚ-нан алатын зейнетақы төлемінің ай сайынғы сомасын есептеу тәртібі бөлігінде (ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес) өзгерістер;
- әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектену бойынша өзгерістер;
- мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне дейін қосымша ақы белгілеу тәртібін реттеу;
- әлеуетті құрылымдар бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы ісінен үзінді нысандарына өзгерістер енгізу көзделген.
Жобаны қабылдаған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді.