2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 845 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған 2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке 2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 845 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттама

      Бұдан әрі жеке алғанда "Тарап", ал бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк,

      2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумды (бұдан әрі – Өзара түсіністік туралы меморандум) негізге ала отырып,

      халықтың табысы аз топтарының мүддесі үшін Қазақстан аумағында экономикалық өсудің кең ауқымды базасын қамтамасыз ету мақсатында экономикалық әртараптандыру, тұрақты даму және барлығын қамтитын өсу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында

      мыналар туралы келісті:

1-бап

      Өзара түсіністік туралы меморандумға мынадай өзгеріс енгізілсін:

      5-бөлімнің "Өзге де мәселелер" деген 1-тармағында "Осы Өзара түсіністік туралы меморандум оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде қалады." деген сөздер "Осы Өзара түсіністік туралы меморандум оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде қалады." деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      2017 жылғы "___" __________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 3 (үш) төлнұсқа данада жасалған. Осы Хаттаманың қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында қайшылықтар немесе осы Хаттаманың қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде кез келген ереженің түсіндірілуіне қатысты дау болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады және түсіндірілу мәселелері ағылшын тілінде ғана шешілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Еуропа инвестициялықБанк үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады