Қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 9 Нормативтік қаулысы.

      Қылмыстық іс жөніндегі іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау мәселелерін реттейтін заңнаманы сот практикасында дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 53-тарауында көзделген қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сатысы болып табылып, осы мән-жайлар шешім қабылдау кезінде сотқа мәлім болмаған жағдайда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін құқықтық негіздер мәселесінің бар-жоғы шешіледі.

      Заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын, оның ішінде ҚПК-нің 71-тарауының тәртібімен шығарылған қаулыны да сот жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауы мүмкін. Сот актілерін қайта қарау үшін негіздер заңды күшіне енген үкімдегі, қаулыдағы сот түйіндерін теріске шығаратын мән-жайлар болып табылды. Көрсетілген негіздер ҚПК-нің 499-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, олар түпкілікті болып табылады және кеңейтіп түсіндірілуге жатпайды.

      Жаңадан ашылған мән-жайлар соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады және жәбірленушінің, куәнің айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрінеу жалғандығын, заттай дәлеледемелердің, тергеу және сот әрекеттері хаттамаларының, өзге құжаттардың көрінеу жалған екенін, аударманың көрінеу дұрыс аударылмағандығын, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, судьяның заңсыз және негізсіз үкім немесе қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз әрекеттерін куәландырады.

      Бұл мән-жайлар үкімнен басқа, ҚПК-нің 499-бабы үшінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы соттың, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысымен анықталуы мүмкін.

      ҚПК-нің 502-бабының екінші бөлігіндегі тәртіппен тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған және прокурордың өтінішхатында баяндалған өзге мән-жайлар да іс жүргізуді қайта бастау үшін негіз болып табылады. Өзге мән-жайлар деп іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында анықталмаған және басты сот талқылауында мәлімделмеген мән-жайлар түсініледі, олар бұрын анықталған мән-жайлардан бөлек немесе жиынтығында сотталғанның кінәсіздігін немесе оның аса ауыр не одан жеңілірек қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын, не ақталған немесе ісі тоқтатылған адамның кінәлілігін куәландырады. Мысалы: осы қылмысты басқа адамның жасағандығы туралы деректер; өлді деп саналған жәбірленушіні тірі деп жариялау; сотталушының қылмыс жасауға қатыстылығын немесе қатысы жоқтығын анықтайтын фактілер және т.б.

      ҚПК-нің 499-бабы екінші бөлігінің 7) тармағына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайларға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі және сотқа келуден жалтарып жүрген сотталған адам өзінің қатысуынсыз қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылғаннан кейін келіп, өзінің қатысуымен қылмыстық істі қайта қарау туралы өтінішхатты мәлімдеген жағдайлар жатқызылуға жатады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың, апелляциялық немесе кассациялық сатылардың үкімі (айыптау да, ақтау да), істі тоқтату туралы қаулысы, үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы қаулысы ғана қайта қаралуы мүмкін. ҚПК-нің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтінішхаттар үкімді, қаулыны шығарған сотқа беріледі. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат апелляциялық немесе қассациялық сатыдағы сотқа, олар сот актісін процестік шешім қабылдаумен мәні бойынша қайта қараған жағдайда беріледі. Егер сот актілері облыстық және оларға теңестірілген соттардың бұрын әрекет еткен кассациялық алқаларының қарау нысанасы болса, өтінішхатты осы соттардың апелляциялық сатылары алқалы түрде қарайды.

      ҚПК-нің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы арыздар, хабарламалар прокурорға беріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      3. Айыптау үкімін немесе соттың үкімі шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы айыптау үкімін немесе қаулыны қайта қарау және сотталғанның немесе ақталғанның пайдасына іс жүргізуді қайта бастау мерзімдері шектелмеген. Ақтау үкімін, істі тоқтату туралы қаулыны немесе айыптау үкімін сотталғанның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға екі негіздің жиынтығы сақталған кезде жол: егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 71-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтпесе және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бір жыл өтпесе жол беріледі. Жаңа мән-жайлардың ашылу мерзімінің басталуын есептеу ҚПК-нің 501-бабының төртінші бөлігінде реттелген.

      4. Сотталған, ақталған адамның, оған қатысты іс тоқтатылған адамның, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдерінің, жәбірленушінің, жәбірленуші өкілінің, сонымен қатар азаматтардың, оның ішінде осы іс бойынша процеске қатысушылардың арыздарынан, ұйымдардағы лауазымды адамдардың хабарламаларынан алынған ақпараттың, басқа қылмыстық істерді тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректердің негізінде прокурордың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхат беру құқығы бар.

      Сотталған адамның қайтыс болуы, егер оның жақын туыстары оны ақтау мақсатында өтінішхат берсе, іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастауға кедергi болып табылмайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      5. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізуді қайта бастау екі сатыдан: жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғаудан және өтінішхатты қараудан тұрады.

      Судья жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат сотқа келіп түскен кезде он тәулік ішінде өтінішхаттың ҚПК-нің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексеруге және ҚПК-нің 504-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген шешімдердің бірін қабылдауға міндетті.

      Апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарда өтінішхаттың ҚПК-нің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексеруді тиісті соттың судьясы жеке-дара жүргізеді.

      Судья өтінішхатты соттың іс жүргізуіне қабылдау және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қаулыны шығарған кезде, қылмыстық істі талап етіп алдыртады және түскен соң оны қаулымен сот отырысында қарауға береді. Қаулының көшірмесі өтінішхат берген адамға жіберіледі.

      Өтінішхат қоса берілген құжаттармен бірге оны берген адамға, егер:

      ол ҚПК-нің 499-бабының талаптарына сәйкес келмесе не үкімде көрсетілген дәлелдемелерге дау айтылса;

      оған ҚПК-нің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздерді растайтын сот актілері немесе өзге де актілер қоса берілмесе;

      онда ҚПК-нің 500-бабында көрсетілмеген және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жатпайтын сот шешімдерін қайта қарау туралы мәселе қойылса;

      оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған нақ сол негіздер бойынша нақ сол тарап берсе, қараусыз қайтарылады.

      Өтінішхатты қайтару судьяның хатымен жүзеге асырылады.

      Өтінішхатты қайтаруға негіз болған кедергілер жойылғаннан кейін адам нақ сол сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатпен жалпы негізде сотқа қайта жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      6. Судьяның жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қаулысы, оған қоса берілген құжаттармен және қылмыстық іспен бірге түскен кезде сот өтінішхатты іс жүргізу қайта басталған не прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде ашық сот отырысында қарауға тиіс.

      Сот отырысына арыз беруші, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процеске өзге де қатысушылар және сот отырысына сот шақырған өзге де адамдар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жоғарыда аталған адамдардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі келтірмейді.

      Қажет болған жағдайда сот жеке адамның (адамдардың) сот отырысына келуі міндетті деп тануға құқылы, ол туралы қаулы шығарылады.

      Сотталған адам сот талқылауына өзі қатысуы немесе бейнебайланыс арқылы қатысуы мүмкін.

      Қарсылық білдіру мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін сот отырысында бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз беруші не сотқа тиісті өтінішхатпен жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, одан кейін сот - сот отырысына келген басқа адамдардың сөздерін тыңдайды, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арыз беруші, прокурор ұсынған материалдарды зерттейді.

      Сот талқылауы ҚПК-нің 347-бабында көзделген тәртіппен хаттама толтырылып не ол аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріліп және жазбаша нысанда қысқаша хаттама толтырылып жүргізіледі. Хаттамаға ескертулер беру және оларды қарау ҚПК-нің 348, 348-1, 349-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      7. Бірінші сатыдағы соттың сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға қатысты іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты осы соттың үкімді, қаулыны шығарған судьясы сот отырысында жеке-дара қарайды.

      Егер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізу қозғалған сот актілерін апелляциялық сатыдағы соттар алқалы түрде шығарса, онда сот шешімдерін қайта қарау алқалы түрде жүзеге асырылады, егер істі апелляциялық сатыдағы сот жеке-дара қараған жағдайда, судья жеке-дара қарайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      9. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.

      10. Сот талқылауы аяқталғаннан кейін сот өтінішхатты қанағаттандыру, өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады. Егер ҚПК-нің 499-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталған және осы мән-жайлар заңсыз немесе негізсіз үкімді, қаулыны шығаруға себеп болған немесе әкеп соққан жағдайда, сот өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады. Мұндай жағдайда сот актісі жойылуға, ал іс жаңадан сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе көрсетілген мән-жайлар анықталған іс жүргізу сатысына қарай соттың қарауына жіберілуге жатады. Егер тергеп-тексеру немесе жаңадан сот қарауы талап етілмесе, сот негіздерді көрсете отырып, іс бойынша іс жүргізуді уәжді қаулымен тоқтатады.

      Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы қаулыны сот кеңесу бөлмесінде шығарады. Сот қаулының толық мәтініне қол қойылғаннан кейін сот отырысының залына оралып, оны жариялайды.

      Соттың заңды күшіне енген үкімінің және өзге де сот актілерінің күші жойылған жағдайда істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайтын сот мына: 1) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы; 2) қылмыстық істі прокурорға жаңадан тергеп-тексеруге жолдау туралы; 3) қылмыстық істі үкімді шығарған бірінші сатыдағы немесе апелляциялық сатыдағы сотқа істі мәні бойынша жаңадан қарау үшін жолдау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың қаулысына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды сотталған адам, ақталған адам, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары, сондай-ақ прокурор тиісті жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде, ал күзетпен ұсталып отырған сотталған адам – оған қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап сол мерзімде беруі мүмкін.

      Он бес тәулік өткен соң берілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары, наразылықтар қараусыз қалдырылуы тиіс.

      Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты мәні бойынша қарау қорытындылары бойынша бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың шығарған қаулылары олар шығарылған күннен бастап он бес тәулік өткеннен кейін, ал егер оларға шағым жасалса және оларды жоғары тұрған сот күшінде қалдырса, онда жоғары тұрған сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.

      Егер сот немесе прокурор жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхат бойынша оны қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаса және оның күші жойылмай, заңды күшіне енсе, онда оны нақ сол бір негіздермен басқа адам қайтадан берсе де, іс жүргізу қозғалмайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      11. ҚПК-нің 499-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көрсетілген іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау негізімен қатысуынсыз қылмыстық іс қаралған сотталғанның өз еркін білдіруі істі қайта қарау үшін сөзсіз мән-жай болып табылмайды. Сот егер қылмыстық процестің қағидаттарын бұзу сипаты мен мәнділігі шешімді заңсыз деп тануға әкеп соқса өтінішхатты қанағаттандырады.

      12. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      13. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау қорытындылары бойынша шығарылған бірінші сатыдағы соттың қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары қаулыны шығарған сот арқылы келтіріледі. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау қорытындысы бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына шағымдар, прокурордың наразылықтары тікелей кассациялық сатыдағы сотқа бұл туралы апелляциялық сатыдағы сотты хабардар ете отырып жолданады.

      Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау қорытындысы бойынша шығарылған бірінші сатыдағы соттардың қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарауды облыстық және оған теңестірілген соттар апелляциялық іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырады және шағым, өтінішхат бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.

      Жаңадан ашылған мән-жайларға бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхат бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы соттың қаулыларына шағымдарды, прокурордың наразылықтарын қарауды кассациялық сатыдағы сот, оларды алдын ала қарамай, қылмыстық істі талап етіп алдыртып, тікелей жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      14. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың қаулысы бар кассациялық сатыға берілген өтінішхат алқалы түрде қаралуға жатады және оны қарау қорытындысы бойынша қабылданған қаулы түпкілікті болып табылады, ол жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енеді және одан әрі шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 10.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      15. Үкімнің немесе қаулының күші жойылған және тергеп-тексеру жүргізілген соң кейінгі сот талқылауын алғашқы үкімді шығарған сот ҚПК-да белгіленген жалпы тәртіппен жүргізеді. Іс апелляциялық сатының іс жүргізуіне, егер бұрын осы саты үкімді өзгерткен немесе күшін жойған, сондай-ақ кассациялық саты оның күшін жойған жағдайда, қайта қарау үшін беріледі.

      Жаңадан шығарылған үкімге немесе қаулыға шағым берілуі, олар прокурордың өтінішхатымен қайта қаралуы немесе оларға жалпы тәртіппен наразылық келтірілуі мүмкін.

      16. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж.Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г.Әлмағамбетова

О некоторых вопросах пересмотра судебных актов по уголовным делам по вновь открывшимся обстоятельствам

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 29 июня 2018 года № 9.

      В целях правильного и единообразного применения в судебной практике законодательства, регулирующего вопросы возобновления производства по уголовному делу по вновь открывшимся обстоятельствам, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан постановляет дать следующие разъяснения.

      1. Производство по пересмотру судебных актов по уголовным делам по вновь открывшимся обстоятельствам, предусмотренное главой 53 Уголовно- процессуального кодекса Республики Казахстан (далее - УПК), является стадией уголовного процесса, в которой решается вопрос наличия или отсутствия правовых оснований для пересмотра вступивших в законную силу судебных актов, когда данные обстоятельства не были известны суду при принятии решения.

      Вступившие в законную силу приговор, постановление суда, в том числе и постановление, вынесенное в порядке главы 71 УПК, могут быть пересмотрены судом по вновь открывшимся обстоятельствам. Основаниями для пересмотра судебных актов являются обстоятельства, опровергающие выводы суда, содержащиеся во вступившем в законную силу приговоре, постановлении. Указанные основания перечислены в части второй статьи 499 УПК, они являются исчерпывающими и расширительному толкованию не подлежат.

      Вновь открывшиеся обстоятельства устанавливаются вступившим в законную силу приговором суда и свидетельствуют о заведомой ложности показаний потерпевшего, свидетеля, заключения эксперта, о подложности вещественных доказательств, протоколов следственных и судебных действий, иных документов, заведомой неправильности перевода, о незаконных действиях дознавателя, следователя, прокурора, судьи, повлекших постановление незаконного и необоснованного приговора или постановления.

      Эти обстоятельства, помимо приговора, могут быть установлены постановлением суда, прокурора, следователя или дознавателя о прекращении уголовного дела по нереабилитирующим основаниям, указанным в части третьей статьи 499 УПК.

      Основанием для возобновления производства являются также иные обстоятельства, установленные в результате проверки или расследования в порядке части второй статьи 502 УПК и изложенные в ходатайстве прокурора. Под иными понимаются обстоятельства, которые не были установлены в ходе досудебного производства по делу и не заявлялись в главном судебном разбирательстве, которые в отдельности либо в совокупности с ранее установленными обстоятельствами свидетельствуют о невиновности осужденного или совершении им более или менее тяжкого уголовного правонарушения либо о виновности оправданного или лица, в отношении которого дело было прекращено. Например: данные о совершении этого преступления другим лицом; объявление живым потерпевшего, считавшегося умершим; факты, устанавливающие причастность или непричастность подсудимого к совершению преступления и т.п.

      К вновь открывшимся обстоятельствам согласно пункту 7) части второй статьи 499 УПК следует относить случаи, когда осужденный, находящийся за пределами Республики Казахстан и уклоняющийся от явки в суд, после рассмотрения уголовного дела в его отсутствие и вынесения приговора явился и заявил ходатайство о пересмотре уголовного дела с его участием.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. По вновь открывшимся обстоятельствам могут быть пересмотрены только приговор (как обвинительный, так и оправдательный), постановление о прекращении дела районного и приравненного к нему суда, апелляционной или кассационной инстанций, постановление о конфискации имущества, полученного незаконным путем, до вынесения приговора. Ходатайства по основаниям, предусмотренным пунктами 1), 2), 3), 5), 6) и 7) части второй статьи 499 УПК, подаются в суд, вынесший приговор, постановление. Ходатайство о возбуждении производства по вновь открывшимся обстоятельствам подается в суд апелляционной или кассационной инстанции в случае пересмотра ими судебного акта по существу с принятием процессуального решения. Если судебные акты были предметом рассмотрения ранее действовавших кассационных коллегий областных и приравненных к ним судов, ходатайство рассматривается коллегиально апелляционными инстанциями этих судов.

      Заявления, сообщения о возбуждении производства по вновь открывшимся обстоятельствам, предусмотренным пунктом 4) части второй статьи 499 УПК, подаются прокурору.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Пересмотр обвинительного приговора или постановления о конфискации имущества, полученного незаконным путем, до вынесения приговора суда и возобновления производства в пользу осужденного или оправданного сроками не ограничен. Пересмотр оправдательного приговора, постановления о прекращении дела либо обвинительного приговора по основаниям, ухудшающим положение осужденного, допускается при соблюдении совокупности двух условий: если не истек срок давности привлечения к уголовной ответственности, предусмотренный статьей 71 Уголовного кодекса Республики Казахстан, и со дня открытия новых обстоятельств не прошел один год. Исчисление начала течения срока открытия новых обстоятельств регламентировано частью четвертой статьи 501 УПК.

      4. Право на подачу ходатайства о возбуждении производства по вновь открывшимся обстоятельствам имеет осужденный, оправданный, лицо, в отношении которого дело было прекращено, их защитники и законные представители, потерпевший, представители потерпевшего, а также прокурор, на основании информации, полученной ими из заявлений граждан, в том числе и участников процесса по данному делу, сообщения должностных лиц организаций, данных, полученных в ходе расследования и рассмотрения других уголовных дел.

      Смерть осужденного не является препятствием для возобновления производства по делу по вновь открывшимся обстоятельствам, если ходатайство подано близкими родственниками в целях его реабилитации.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      5. Возобновление производства о пересмотре судебного акта по вновь открывшимся обстоятельствам состоит из двух стадий: возбуждение производства и рассмотрение ходатайства по вновь открывшимся обстоятельствам.

      Судья при поступлении в суд ходатайства о возбуждении производства по вновь открывшимся обстоятельствам обязан в течение десяти суток проверить соответствие ходатайства требованиям статьи 499 УПК и принять одно из решений, предусмотренных пунктами 1) и 2) части первой статьи 504 УПК.

      В судах апелляционной и кассационной инстанций проверка соответствия ходатайства требованиям статьи 499 УПК производится единолично судьей соответствующего суда.

      Судья при вынесении постановления о принятии ходатайства к производству суда и возобновлении производства по вновь открывшимся обстоятельствам истребует уголовное дело и по поступлении передает его с постановлением для рассмотрения в судебном заседании. Копия постановления направляется лицу, подавшему ходатайство.

      Ходатайство, с приложенными к нему документами, возвращается без рассмотрения лицу, его подавшему, если:

      оно не соответствует требованиям статьи 499 УПК либо оспариваются доказательства, указанные в приговоре;

      к нему не приложены судебные или иные акты, подтверждающие основания, предусмотренные пунктами 1), 2), 3), 5), 6) и 7) части второй статьи 499 УПК;

      в нем ставится вопрос о пересмотре судебных решений, не указанных в статье 500 УПК и не подлежащих пересмотру по вновь открывшимся обстоятельствам;

      оно подано той же стороной по тем же основаниям, по которым уже принималось решение об отказе в его удовлетворении.

      Возвращение ходатайства осуществляется письмом судьи.

      После устранения препятствий, послуживших основанием для возвращения ходатайства, лицо вправе вновь обратиться в суд с ходатайством о возбуждении производства по пересмотру того же судебного акта по вновь открывшимся обстоятельствам на общих основаниях.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      6. При поступлении постановления судьи о возобновлении производства по вновь открывшимся обстоятельствам, с приложенными к нему документами и с уголовным делом, суд обязан рассмотреть ходатайство в открытом судебном заседании в срок не позднее тридцати суток со дня возобновления производства либо поступления ходатайства прокурора.

      В судебном заседании участвуют заявитель, его представитель, защитник, прокурор, иные участники процесса и лица, вызванные судом в судебное заседание. Неявка указанных лиц, надлежаще извещенных о времени и месте судебного разбирательства, не препятствует рассмотрению ходатайства.

      В случае необходимости суд вправе признать явку отдельного лица (лиц) обязательной, о чем выносит постановление.

      Участие в судебном разбирательстве осужденного возможно путем личного участия либо посредством видеосвязи.

      После рассмотрения отводов и ходатайств первым в судебном заседании выступает заявитель, который излагает ходатайство об основаниях пересмотра судебного акта по вновь открывшимся обстоятельствам, либо прокурор при обращении в суд с соответствующим ходатайством, затем суд заслушивает выступления других лиц, явившихся в судебное заседание, исследует материалы, представленные заявителем, прокурором по результатам проведенных проверки или расследования.

      Судебное разбирательство проводится с составлением протокола в порядке, предусмотренном статьей 347 УПК, либо с его фиксированием средствами аудио-, видеозаписи и составлением краткого протокола в письменной форме. Подача замечаний на протокол и их рассмотрение осуществляется по правилам, предусмотренным статьями 348, 348-1, 349 УПК.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      7. Ходатайство о возобновлении производства по пересмотру судебного акта суда первой инстанции по вновь открывшимся обстоятельствам рассматривается в судебном заседании единолично судьей этого же суда, вынесшим приговор, постановление.

      Если судебные акты, о пересмотре которых возбуждено производство об их пересмотре по вновь открывшимся обстоятельствам, выносились судами апелляционной инстанции коллегиально, то пересмотр судебных решений осуществляется коллегиально, и единолично судьей в том случае, если дело судом апелляционной инстанции рассмотрено единолично.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      8. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9. Судья, принимавший участие в рассмотрении дела в суде первой, апелляционной и кассационной инстанций, не может участвовать в рассмотрении этого же дела по вновь открывшимся обстоятельствам.

      10. По окончании судебного разбирательства суд выносит одно из следующих постановлений об: удовлетворении ходатайства; оставлении ходатайства без удовлетворения. Суд выносит постановление об удовлетворении ходатайства в том случае, если установлены обстоятельства, указанные в части второй статьи 499 УПК, и эти обстоятельства предшествовали или повлекли вынесение незаконного или необоснованного приговора, постановления. В этом случае судебный акт подлежит отмене, а дело направлению, в зависимости от стадии производства, на которой выявлены указанные обстоятельства, на расследование или новое судебное рассмотрение. Если расследование или новое судебное рассмотрение не требуется, суд с указанием оснований прекращает производство по делу мотивированным постановлением.

      Постановление о пересмотре судебных актов по вновь открывшимся обстоятельствам выносится судом в совещательной комнате. После подписания полного текста постановления суд возвращается в зал судебного заседания и оглашает его.

      В случае отмены вступившего в законную силу приговора суда и иных судебных актов суд, рассматривающий дело по вновь открывшимся обстоятельствам, принимает одно из следующих решений: 1) о прекращении производства по делу; 2) о направлении уголовного дела на новое расследование прокурору; 3) о направлении уголовного дела в суд первой или апелляционной инстанции, постановивший приговор, для нового рассмотрения дела по существу.

      Жалобы, ходатайства прокурора, протесты на постановления суда первой, апелляционной инстанций, вынесенные по итогам рассмотрения ходатайства о пересмотре судебных актов по вновь открывшимся обстоятельствам, могут быть поданы осужденным, оправданным, потерпевшим или их законными представителями и защитниками, а также прокурором в соответствующий вышестоящий суд в течение пятнадцати суток со дня вынесения постановления, а осужденным, содержащимся под стражей, – в тот же срок со дня вручения ему копии постановления.

      Жалобы, ходатайства прокурора, протесты, поданные по истечении пятнадцати суток, подлежат возвращению без рассмотрения.

      Постановления суда первой, апелляционной инстанций, вынесенные по итогам рассмотрения по существу ходатайства о пересмотре судебного акта по вновь открывшимся обстоятельствам, вступают в законную силу по истечении пятнадцати суток со дня их вынесения, а если они были обжалованы и вышестоящим судом оставлены в силе, то в день вынесения постановления вышестоящим судом.

      Если по ходатайству о возобновлении производства по вновь открывшимся обстоятельствам судом или прокурором принято решение об оставлении его без удовлетворения, и оно не было отменено и вступило в законную силу, то при повторной его подаче по одним и тем же основаниям, хотя бы и другим лицом, производство не возбуждается.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      11. По основанию возобновления производства по вновь открывшемуся обстоятельству, указанному в пункте 7) части второй статьи 499 УПК, волеизъявление осужденного, в отсутствие которого рассмотрено уголовное дело, не является безусловным обстоятельством для пересмотра дела. Суд удовлетворяет ходатайство, если характер и существенность нарушения принципов уголовного процесса влекут признание решения незаконным.

      12. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Если по ходатайству о возобновлении производства по вновь открывшимся обстоятельствам принято решение об оставлении его без удовлетворения, при повторной его подаче по одним и тем же основаниям производство не возбуждается.

      13. Жалобы, ходатайства прокурора на постановления суда первой инстанции, вынесенные по итогам пересмотра судебного акта по вновь открывшимся обстоятельствам, приносятся через суд, вынесший постановление. Жалобы, протесты прокурора на постановление суда апелляционной инстанции, вынесенные по итогам пересмотра судебного акта по вновь открывшимся обстоятельствам, направляются непосредственно в суд кассационной инстанции, с извещением об этом суд апелляционной инстанции.

      Рассмотрение жалоб, ходатайств прокурора на постановления судов первой инстанции, вынесенные по итогам пересмотра судебного акта по вновь открывшимся обстоятельствам, осуществляется в порядке апелляционного производства областными и приравненными к ним судами, и принятое по жалобе, ходатайству постановление суда апелляционной инстанции является окончательным и дальнейшему обжалованию, опротестованию не подлежит.

      Рассмотрение жалоб, протестов прокурора на постановления суда апелляционной инстанции, принятых по ходатайству о возобновлении производства по вновь открывшимся обстоятельствам, осуществляется судом кассационной инстанции непосредственно, без предварительного их рассмотрения, с истребованием уголовного дела.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      14. Поданное в кассационную инстанцию ходатайство, по которому имеется постановление судьи о возобновлении производства по вновь открывшимся обстоятельствам, подлежит рассмотрению коллегиально, и принятое по итогам рассмотрения постановление является окончательным, вступает в законную силу с момента его оглашения и дальнейшему обжалованию, опротестованию не подлежит.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 10.03.2022 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      15. Последующее судебное разбирательство дела после отмены приговора или постановления и проведения расследования производится в общем порядке, установленном УПК, судом, вынесшим первоначальный приговор. В производство апелляционной инстанции дело для пересмотра передается в случае, если ранее приговор изменен или отменен данной инстанцией, а также в случае его отмены кассационной инстанцией.

      Вновь вынесенный приговор или постановление могут быть обжалованы, пересмотрены по ходатайству прокурора либо опротестованы в общем порядке.

      16. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель Верховного Суда
Республики Казахстан
Ж. Асанов
      Судья Верховного Суда
Республики Казахстан, секретарь
пленарного заседания
Г. Альмагамбетова