Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 445 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 445 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім

  Армения Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Ереван қаласы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өз ілтипатын білдіре отырып, мынаны хабарлауды мәртебе деп санайды.

      2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде ынтымақтастықтың тиімді және оңайлатылған тетігін жасауға ұмтыла отырып, ресми құжаттарды тану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Армения Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі – Тараптар) мынаны айқындауды ұсынады.

      1. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген және оның елтаңбалы мөрімен бекемделген құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында қандай да бір арнайы куәландырусыз, оның ішінде апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылданады. Бір Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттар ретінде қаралатын мұндай құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттардың дәлелдемелік күшіне ие болады. Танудың осы тәртібі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген ресми құжаттарға қолданылады.

      2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

      3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірi оның қолданысын тоқтатқанша күшiнде қалады. Әрбір Тарап осы Келісім күшiне енген күннен бастап 5 жыл өткеннен кейiн ағымдағы күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейін кемiнде 6 (алты) ай бұрын оның қолданысын тоқтатуға өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.

      Бұл жағдайда осы Келісім осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап өзінің қолданысын тоқтатады.

      4. Армения Республикасының Үкіметі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан осы нотаны және Армения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасын 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім деп есептеуді ұсынуды мәртебе санайды, ол Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы жағдайды пайдалана отырып, Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің зор құрметін білдіреді.


      2018 жылғы"___" _____________                                    Астана қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады