Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы
2018 жылғы 14 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |