Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің мердігерлік компаниялары арасындағы Қағидаттар туралы келісімнің жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 552 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайыловқа Қағидаттар туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |