Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 40; 03.05.2019 № 245; 08.05.2019 № 262; 21.05.2019 № 299; 25.06.2019 № 437; 10.07.2019 № 495; 26.07.2019 № 540; 06.08.2019 № 583; 05.09.2019 № 661 қаулыларымен.
Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты адам | ||
Әділетмині | Үкімет | Парламент | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 245 қаулысымен. | |||||
2. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 245 қаулысымен. | |||||
3. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 21.05.2019 № 299 қаулысымен. | |||||
3-1. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 245 қаулысымен. | |||||
3-2. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 245 қаулысымен. | |||||
4. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 21.05.2019 № 299 қаулысымен. | |||||
5. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері | ҚАӨМ | Қаңтар | Ақпан | Сәуір | Т.Т. Шаймергенов |
5-1. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша) | Қаңтар | Ақпан | Мамыр | Н.В. Пан, А.Қ. Қыдырбаева |
5-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша) | Қаңтар | Ақпан | Мамыр | Н.В. Пан, А.Қ. Қыдырбаева |
6. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МСМ | Ақпан | Наурыз | Мамыр | Е.Т. Қожағапанов |
7. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.05.2019 № 262 қаулысымен. | |||||
8. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Еңбекмині | Ақпан | Наурыз | Мамыр | А.Ә. Сарбасов |
9. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қорғанысмині | Ақпан | Наурыз | Мамыр | М.Ж. Майкеев |
10. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 437 қаулысымен. | |||||
11. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.09.2019 № 661 қаулысымен. | |||||
12. | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі | ДСМ | Наурыз | Сәуір | Маусым | Л.М. Ақтаева |
13. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСМ | Наурыз | Сәуір | Маусым | Л.М. Ақтаева |
14. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қаржымині | Наурыз | Сәуір | Маусым | Қ.Е. Баеділов |
15. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 06.08.2019 № 583 қаулысымен. | |||||
15-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Еңбекмині | Ақпан | Мамыр | Шілде | А.Ә. Сарбасов |
16. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 26.07.2019 № 540 қаулысымен. | |||||
16-1. | "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қаржымині | Қаңтар | Қаңтар | Тамыз | Б.Ш. Шолпанқұлов |
17. | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы | ҰЭМ | Шілде | Тамыз | Тамыз | Р.Е. Дәленов |
18. | Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы | ҰЭМ | Тамыз | Тамыз | Тамыз | Р.Е. Дәленов |
19. | 2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы | Қаржымині | Тамыз | Тамыз | Тамыз | Т.М. Савельева |
20. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БП (келісім бойынша) | Мамыр | Шілде | Қыркүйек | М.М. Ахметжанов |
21. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИДМ | Маусым | Шілде | Қыркүйек | Р.В. Скляр |
21-1. | Педагогтің мәртебесі туралы | БҒМ | Тамыз | Тамыз | Қыркүйек | Э.А. Суханбердиева |
21-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагогтің мәртебесі, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БҒМ | Тамыз | Тамыз | Қыркүйек | Э.А. Суханбердиева |
22. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭМ | Тамыз | Қыркүйек | Қараша | С.Қ. Есімханов |
23. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы | ЭМ | Тамыз | Қыркүйек | Қараша | С.Қ. Есімханов |
23-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | Тамыз | Қыркүйек | Қараша | М.А. Әзілханов |
23-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МСМ | Наурыз | Қазан | Желтоқсан | Н.М. Дәуешов |
23-3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АШМ | Наурыз | Сәуір | Желтоқсан | А.С. Сапаров |
24. | Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы | ІІМ | Тамыз | Қазан | Желтоқсан | Р.Т. Жақыпов |
25. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ІІМ | Тамыз | Қазан | Желтоқсан | Р.Т. Жақыпов |
26. | Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі | ЭМ | Тамыз | Қазан | Желтоқсан | С.Н. Нұрлыбай |
27. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭМ | Тамыз | Қазан | Желтоқсан | С.Н. Нұрлыбай |
27-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | А.Д. Жұмабеков |
27-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | Қазан | Қараша | Желтоқсан | А.Д. Жұмабеков |
28. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар | ЦДИАӨМ | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | А.Е. Оспанов |
29. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне | СҚА (келісім бойынша) | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | О.А. Бектенов |
30. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері | МҚІА (келісім бойынша) | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан |
М.Е. |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
СҚА - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі