"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 262 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 68, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

 
 
 
 
Ақпан

 
 
 
 
Наурыз

 
 
 
 
Мамыр

 
А.Ә. Сарбасов

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:

      "

15-1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

Ақпан

Мамыр

Шілде

 
А.Ә. Сарбасов

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады