Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 68, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 1, 2, 3-1, 3-2-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5-1, 5-2-жолдармен толықтырылсын:
"
5-1. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша) | Қаңтар | Ақпан | Мамыр |
Н.В. Пан, |
5-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша) | Қаңтар | Ақпан | Мамыр | Н.В. Пан, А.Қ. Қыдырбаева |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-1, 21-2-жолдармен толықтырылсын:
"
21-1. | Педагогтің мәртебесі туралы | БҒМ | Тамыз | Тамыз | Қыркүйек | Э.А. Суханбердиева |
21-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагогтің мәртебесі, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БҒМ | Тамыз | Тамыз | Қыркүйек | Э.А. Суханбердиева |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-1-жолмен толықтырылсын:
"
27- 1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | А.Д. Жұмабеков |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |