Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 916 қаулысы.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай:

      1) оралмандарды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы 2031 адам;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы 6962 адам деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.12.2019 № 995 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады