"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және норма шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) деп аталсын.
3. Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Мыналар:
1) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары мен заңнамалық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу;
2) заңнама тиімділігіне талдау жүргізу (нормативтік құқықтық актілерді талдау);
3) заңнамалық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарт жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптаманы қамтамасыз ету;
3-1) заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ету;
4) мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу;
5) Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;
6) заңнамалық актілердің ағылшын тіліне аударылуын және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету кәсіпорын қызметінің нысанасы болып айқындалсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2021 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2021 № 788 қаулыларымен.5. Кәсіпорын:
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын;
заңнамалық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарт жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптаманы қамтамасыз ететін;
заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ететін уәкілетті ұйым болып айқындалсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2021 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
8. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 564-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 460-құжат).
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардын тізбесінде 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде "Министрлік" деген бөлім алып тасталсын.
2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
"11"деген бағанда:
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде" деген жолдағы "2562" деген сандар "2461" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде" деген жол, "101" деген сандар алып тасталсын;
реттік нөмірі 2) жол алып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 462-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері тартылады, сондай-ақ белгілі бір құқық саласының ғылыми-зерттеу институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және олармен келісу бойынша ғылымның тиісті салаларының ғалымдары енгізілуі мүмкін.";
21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңдар жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарауға және келісуге енгізілген кезде бір мезгілде тұжырымдама жобасын және заңнамалық акті жобасының мәтінін әзірлеуге "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқанын растайтын қорытындысы енгізіледі.".
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.