"Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 238 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакциядағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ету;";

      5-тармақтың үшінші абзацындағы "қамтамасыз ететін уәкілетті ұйым болып айқындалсын." деген сөздер "қамтамасыз ететін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ететін уәкілетті ұйым болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады