Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 16, 153-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
"
4 |
"Мемлекеттің кепілдігімен "Азия Даму Банкі (АДБ) қарыз қаражат есебінен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның алдын ала тұрғын үй қарыздарын беруі" (Тұрғын үйді қаржыландырудағы гендерлік теңдікті | 38000000 мың теңге | 2019 -2030 | 38000000 мың теңге | "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |