"Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 желтоқсандағы № 1000 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 16, 153-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "

4

"Мемлекеттің кепілдігімен "Азия Даму Банкі (АДБ) қарыз қаражат есебінен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның алдын ала тұрғын үй қарыздарын беруі" (Тұрғын үйді қаржыландырудағы гендерлік теңдікті
қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі жоба")"

38000000 мың теңге

2019 -2030

38000000 мың теңге

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

Азия Даму Банкі

                                                                              ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады