2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысымен бекiтiлген |
Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 04.06.2019 № 363 (15.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2019 № 806; 28.12.2019 № 1000 қаулыларымен.
Р/с№ | Жобаның атауы | Жобаның жалпы құны (мың. теңге) | Іске асыру кезеңі (жылдар) | Мемлекет-тік кепілдік-тің мөлшері | Қарыз алушы | Әлеуетті қарыз беруші |
1 | Атырау солтүстік айналма жолын қоса алғанда, "Ресей Федерациясы шекарасы (Орскіге) – Ақтөбе –Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)" автомобиль жолының 616-833 км реконструкциялау" | 117801914 мың теңге | 2019 – 2022 | 103790233 мың теңгеге дейін | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі |
2 | "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)" | 698 559 957 мың теңге (1 887 999 883 АҚШ долларына балама) | 2016 -2020 | 1 600 000 000 АҚШ долларына дейінгі балама | "Астана LRT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Бағалы қағаздардың ішкі нарығындағы инвесторлар |
3 |
"Қапшағай -Күрті" |
39134495,16 |
2019 - |
34479731,42 |
"ҚазАвто- |
Еуропа |
4 |
"Мемлекеттің кепілдігімен "Азия Даму Банкі (АДБ) қарыз қаражат есебінен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның алдын ала тұрғын үй қарыздарын беруі" (Тұрғын үйді қаржыландырудағы гендерлік теңдікті | 38000000 мың теңге | 2019 -2030 | 38000000 мың теңге | "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |