"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 98 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

      Ардагерлер туралы

      Осы Заң ардагерлердің санаттарын белгілейтін әлеуметтік қолдау шараларын және кепілдіктер ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының ардагерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

      2. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет елдерге қолданылады.

      3. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.


      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заңның күші мәртебесі осы Заңмен белгіленетін ардагерлерге қолданылады.

2-тарау. Ардагерлерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу

      3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      ардагерлерді әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      4-бап. Ардагерлерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

      Ардагерлерді әлеуметтік камсыздандыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өзінің құзыреті шегінде:

      ардагерлерді әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Қазақстан Республикасындағы ардагерлердің санаттары

      5-бап. Ардагерлер санаттары

      Осы Заңға сәйкес мыналар:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      еңбек ардагерлері;

      осы Заңның күші қолданылатын адамдардың басқа санаттары ардагерлер болып танылады.


      6-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлері

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар (бұдан әрі - КСР) Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметкерлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезінде соғыста, ұрыс қимылдары жүргізген аудандарда, соның маңындағы темір жол аймағында, қорғаныс шептерін әскери-теңіз базалары мен аэродромдарды салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған соғысушы армия мен флоттың әскери қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілерінің сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлер жатады.


      7-бап. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері

      Мыналар:

      бұрынғы КСР Одағының әлеуметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі icтep министрлігігің қатардағы және басшы құрамындағы адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);

      жаттығу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;

      ұрыс қимылдары жүріп жатқан көзеңде Ауғанстанға жүк жеткізу үшін осы елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлер тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери құрамға қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, немесе ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған, жұмысшылар мен қызметшілер басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады.

      Мыналар:

      Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1968 жылы Чехословакиядағы қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдары;

      Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға бітімгер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі icтep органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдары басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің басқа санаттары болып танылады.

      8-бап. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

      Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп мыналар танылады:

      Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы көзеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдары белгіленген жеңілдік шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген әскери кызметшілері;

      Ұлы Отан соғысы кезінде соғыстағы армия құрамына берген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының eрікті жалдама құрамаларының адамдары не сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар;

      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші ұлан ретінде болғандар;

      екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына келтірілген және ұрыс соғыстарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде соғысушы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында ұсталып қарусыздандырылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері;

      Ленинград қаласын қоршау көзеңінде каланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгімен марапатталған азаматтар;

      екінші дүниежүзілік соғыс көзеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерден басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.

      Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде немесе майданда болуына байланысты жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшірлер;

      әскери міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және iшкi icтep органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдары;

      басқа елдерде ic-қимыл жасаған әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу көзеңінде жаралану, контузия алу, зақымдану салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер;

      1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде Украин KCP-i, Беларусь KCP-i, Литва KCP-i, Латвия KCP-i, Эстон KCP-i аумақтарында ic-қимыл жасаған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндетін атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан мүгедек болған адамдар;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерден басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бipiнің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.


      9-бап. Еңбек ардагерлері

      Еңбек ардагерлеріне жататындар:

      Еңбек Ерлері;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы ордендерінің иегерлері;

      "Қазақстанның Еңбек Epi" атағына ие болған адамдар.

      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбек ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбек мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар.


      10-бап. Осы Заңның күші қолданылатын адамдардың басқа санаттары

      Осы Заңда әлеуметтік қолдау шаралары мен кепілдіктер көзделген адамдардың басқа санаттарына мыналар жатады:

      Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің басқа да міндеттерін (қызметтік міндеттерді) атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған осы Заңның 6-8-баптарында көрсетілген әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе қорғанысының объектілерді өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары;

      бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігіне, iшкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шакырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары көзеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерден басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасылары.

      Жеңілдікке құқық берілетін отбасы мүшелері:

      қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысына айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленетін балалары мен асырауындағы басқа да жандар; ата-ана; қайта некеге отырмаған зайып (жұбай).

      Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизаңдардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері).

      1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан эвакуацияланған күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен көшкен) адамдар.

      1979 жылғы 1 желтоқсан мен 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

      Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және Кеңес әскерлерінің шектелген контингентіне енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

      11-бап. Ардагерлер мәртебесін белгілеу

      Ардагерлер мәртебесі осы Заңға сәйкес айқындалады және Ұлы Отан соғысы жылдарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша ұрыс операциялары кезінде, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары кезінде майдандағы армия қатарында болғанын, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқанын растайтын анықтамалардың, әскери билеттердің, жараланғаны, мүгедектігі туралы анықтамалардың, сот-медицина қорытындыларының және өзге де құжаттардың негізінде белгіленеді.

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне осы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Корғаныс министрлігінің органдары Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін береді. Ардагерлердің қалған санаттарына жасына/жәрдемақыларына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы куәліктерінде белгі қойылады.

4-тарау. Ардагерлерді әлеуметтік қорғау

      12-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары мен кепілдіктер ұсынылады:

      қолданыстағы Заңнамаға сәйкес арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

      жергілікті атқарушы органдар өз құқықтары және құзіреттері шегінде көрсетілген ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек:

      егер Қазақстан Республикасының тұрғын үй Заңнамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бірінші кезекте пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, оларды біржолғы 6ipіншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуді;

      жеке тұрғын үй салу үшін біржолғы бірінші кезекте жер учаскелерін алу;

      коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерінде өздері тұратын тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының тұрғын үй Заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікке беру (Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда оған берілген тұрғын үйді өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді);

      амбулаторлық-емхана ұйымдарының қызметін артықшылықпен пайдалану және ауруханаға кезектен тыс емдеуге жатқызу;

      Қазақстан Республикасының Заңнамасында айқындалатын тәртіппен білікті медициналық көмек алу;

      протездермен (тіс протездерінен басқа) және протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз ету;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұмыс істеп жүрген кезеңінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққаннан кейін пайдалану құқығы;

      10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бipiншi кезекте алу;

      11) көрсетілетін байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс пайдалану құқығы;

      12) Қазақстан Республикасының салық Заңнамасына сәйкес салық салу жеңілдіктері;

      13) Ұлы Отан соғысының жалғызілікті қайтыс болған ардагерлерді жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің салт-жоралар рәсімін орындай отырып жүзеге асыруы;

      14) қайтыс болған ардагерді жерлеуді ұйымдастыратын адамға Қазақстан Республикасының Заңнамасында айқындалған тәртіппен жерлеуге арналған жәрдемақы беру.

      2. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары мен кепілдіктері ұсынылады.

      3. Кеңес Одағының Батыры, "Халык қаһарманы", Социалистік Еңбек Epi атақтарына ие болған, Даңк орденінің үш бірдей дәрежесімен, "Отан" орденімен наградталған соғысқа қатысушыларға әскери құрмет көрсете отырып, тегін жерлеу және қабірлерінің басына құлпытас орнату құқығы беріледі.

      13-бап. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді әлеуметтік қолдау шаралары

      Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

      жергілікті атқарушы органдар өз құқықтары және құзіреттері шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үймен қамтамасыз етуді;

      жеке тұрғын үй салу үшін біржолғы бірінші кезекте жер учаскелерін алу;

      амбулаторлық-емхана ұйымдарының қызметін артықшылықпен пайдалану және ауруханаға кезектен тыс емдеуге жатқызу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білікті медициналық көмек алу;

      ардагерлер жұмыс істеп жүрген кезеңінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққаннан кейін пайдалану құқығы;

      кепілдік берілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көлемін бірінші кезекте алу;

      еңбек өтіліне қарамастан, бұл ретте жалпы ауру салдарынан қатарынан төрт айға дейін немесе күнтізбелік жылда бес айға жалақының 100 проценті мөлшерінде еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алу;

      жыл сайынғы кезекті демалысты өздеріне қолайлы уақытта пайдалану, сондай-ақ күнтізбелік жылда мерзімі екі аптаға дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу;

      жұмыстан қол үзе отырып, қайта даярлау, екінші мамандыққа оқыту және біліктілігін арттыру кезінде мамандығы және біліктілігі бойынша орташа жалақысының оқудың барлық кезеңінде сақталуы;

      жаңа кәсіпті игеру (жаңа жұмыскерлерді даярлау) кезінде тарифтік мөлшерлемесінің жүз проценті мөлшерінде бүкіл оқу кезеңінде еңбекақы төлеу;

      техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасын қарастыру;

      байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс пайдалану құқығы;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салу жеңілдіктері;

      жалғызілікті қайтыс болған ардагерлерді жерлеуді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің салт-жоралар рәсімін орындай отырып жүзеге асыруы;

      қайтыс болған ардагерді жерлеуді ұйымдастыратын адамға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жерлеуге арналған жәрдемақы беру.

      Осы Заңның 8-бабының 2-тармағында көрсетілген ардагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары мен кепілдіктер ұсынылады.

      14-бап. Еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары

      Еңбек ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары мен кепілдіктер ұсынылады:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

      жергілікті атқарушы органдар өз құқықтары және құзіреттері шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек;

      олар жұмыс icтеп жүрген кезеңінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққаннан кейін пайдалану құқығы;

      жыл сайынғы кезекті демалысты өзіне қолайлы уақытта пайдалану, сондай-ақ жылына екі аптаға дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу құқығы;

      көрсетілетін байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс пайдалану құқығы;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салу жеңілдіктері;

      қайтыс болған ардагерді жерлеуді ұйымдастыратын адамға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жерлеуге арналған жәрдемақы беру.

5-тарау. Осы Заңның күші қолданылатын адамдардың басқа санаттарын әлеуметтік қорғау

      15-бап. Осы Заңның күші қолданылатын адамдардың басқа санаттарын әлеуметтік қолдау шаралары

      Осы Заңның күші қолданылатын адамдардың басқа санаттарына мынадай әлеуметтік қолдау шаралары мен кепілдіктер ұсынылады:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

      жергілікті атқарушы органдар өз құқықтары және құзіреттері шегінде көрсететілетін ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек;

      олар жұмыс істеп жүрген кезеңінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққаннан кейін пайдалану құқығы.

      16-бап. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары

      Осы Заңның 10-бабының 1-тармағында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына мынадай әлеуметтік қолдау шаралары мен кепілдіктер ұсынылады:

      егер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылса, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үймен қамтамасыз етуді;

      амбулаторлық-емхана ұйымдарының қызметін артықшылықпен пайдалану және кезектен тыс емдеуге жатқызу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен білікті медициналық көмек алу;

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бipiншi кезекте алу;

      жыл сайынғы кезекті демалысты өзіне қолайлы уақытта пайдалану, сондай-ақ күнтізбелік жылда екі аптаға дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу құқығы;

      әскери кызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы (бipaқ үш адамнан аспайтын) ол жерленген жерге тегін барып қайтуға, сондай-ақ таңдаған тұрғылықты жеріне көшіп баруға (әскери қызметші қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде) құқығы бар;

      Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің, iшкі істep органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдардың отбасыларына "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының iшкi icтep органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерлерде біржолғы жәрдемақы төленеді;

      Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп жүрген кезде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан не қайтыс болған әскери қызметшілердің әйелдеріне асырауында осы әскери қызметшілердің балалары бар басқа адамдарға жұмыс орнынан балаларымен 6ipre демалу үшін демалыс үйлері мен пансионаттарға ұсынылатын жолдамалармен артықшылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған әскери қызметшілердің балалары үшін балаларды сауықтыру мекемелеріне жолдамалар алу ұсынылады;

      қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшіні тегін жерлеу өзінің соңғы қызмет өткерген орны бойынша жүзеге асырылады (бейбіт уақытта әскери (азаматтық) борышын өтеу кезінде қаза тапқан немесе жалпы аурудан қайтыс болған әскери қызметшінің мәйітін отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу орындарына алып бару (қайта жерлеу) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ішкі iстep министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Мемлекеттік күзет қызметінің шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін);

      осы Заң бойынша әлеуметтік қолдау шараларына құқығы бар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алатын қайтыс болған генералдардың, адмиралдардың және әскери қызметшілер қатарындағы зейнеткерлердің әйелдеріне "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тиісті жеңілдіктерге өмір бойы құқығы сақталады.

6-тарау. Корытынды ережелер

      17-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру

      Осы Заңда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерінің есебінен жүзеге асырылады.

      18-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын беруді тоқтата тұру және тоқтату

      Осы Заңда көзделген әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді беру осы Заңның күші қолданылатын адамдар қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады.

      Осы Заңда көзделген әлеуметтік кепілдіктерді беру осы Заңның күші қолданылатын адамдар бас бостандығынан айыру түрінде сот белгілеген қылмыстық жазасын өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады.

      19-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің міндеттері

      Жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары өз құқықтары және құзіреттері шегінде қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, тиісті бюджеттер есебінен әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды және емделуге жұмсалатын жолақы жеңілдіктерін (екі жаққа), сондай-ақ осы Заңға сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатын адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлері бойынша қосымша шараларды белгілейді.

      20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2018 жылғы 3 шілдеде "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір Заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады