"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 376 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 19 маусымдағы
№ 376 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
5-қосымша

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады