"СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 468 қаулысы.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Ұлттық қауіпсіздік туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзімде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды кейіннен бөлшек сауда желісінде өткізу үшін көтерме саудада сатып алу бойынша өкілеттіктер берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.08.2020 № 507 қаулысымен.

      1-1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстеме бағасы сатып алу бағасының 6 % -і мөлшерінде айқындалсын.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.10.2020 № 699 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин


О некоторых вопросах деятельности товарищества с ограниченной ответственностью "СК-Фармация"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2020 года № 468.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 192 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года, подпунктом 2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О национальной безопасности", Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Наделить товарищество с ограниченной ответственностью "СК-Фармация" полномочиями по оптовому закупу лекарственных средств и медицинских изделий в срок до 31 декабря 2020 года включительно для последующей реализации в розничной сети.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2020 № 507.

      1-1. Определить наценку товарищества с ограниченной ответственностью "СК-Фармация" в размере 6 % от цены закупа.

      Сноска. Постановление дополнено пунктом 1-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 23.10.2020 № 699.

      2. Министерству здравоохранения Республики Казахстан совместно с заинтересованными центральными государственными и местными исполнительными органами принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин