Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 468 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2020 жылғы 27 шілдеде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстеме бағасы сатып алу бағасының 6 % -і мөлшерінде айқындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |