"Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 273 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының Конституциясы 40-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

      2. Осы Тұжырымдама мемлекеттің құқықтық саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің тиісті құжаттарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің өз құжаттарын әзірлеу және іске асыру кезінде Тұжырымдаманың ережелерін басшылыққа алсын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады