Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 209 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар бойынша оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ-та анонстар (ақпараттық хабарламалар) міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Тұжырымдама жобасы қоса берілетін барлық материалдармен және заң жобасының алдын ала мәтінімен бірге оны Комиссия мүшелерінің қарауы үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.

      Өзге мүдделі тұлғалар да тұжырымдама жобасы бойынша пікірлерін ашық НҚА интернет-порталында қалдыра алады.";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң шығару
жұмысының қағидаларына
9-қосымша

Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеудің үлгі бағдарламасы

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Мерзімі

Нысаналы индикатор

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

Ұйымдастыру жұмысы

1.

Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету

ішкі бұйрық/қағидалар/алгоритм



әзірлеуші орган

2.

Күшіне енетін күнін көрсете отырып, қабылданған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу

құжаттар топтамасы

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде


әзірлеуші орган

3.

Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә., байланыстары көрсетілген тізімді (әсіресе, бұл ведомствоаралық заңдарға қатысты) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу

заңды әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде


әзірлеуші орган

1

2

3

4

5

6

4.

Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстар, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілер, нысаналы топ, осы саладағы сарапшылар, қоғамшылдар қатарынан құралуға тиіс

спикерлер тізімі

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде


әзірлеуші орган

5.

Заңды іске асыруға байланысты ықтимал тәуекелдерді (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу

тәуекелдерді талдау

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде

кемінде 1 талдамалық жазба

әзірлеуші орган

6.

Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу

мониторингтік қызмет

ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 1 ай ішінде

ақпараттық-анықтамалық материалдар

әзірлеуші орган

7.

Қабылданған заңның негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (инографикалар, телеграфикалар, телекестелер, бейнероликтер және т.б.) дайындау және қажеттігіне қарай БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу

медиа өнімдері

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде

мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 инфографика және 1 бейнеролик (қажет болған кезде)

әзірлеуші орган, АҚДМ

Ақпараттық жұмыс

1.

Заң бойынша браузерлерде іздеу үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік орган сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру

түйін сөздер тізбесі

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде

кемінде 1 тізбе

әзірлеуші орган

2.

Заңды әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, күшіне енгізілетін күнін көрсете отырып, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін орналастыру

әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде

сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігімен бір сілтемедегі бүкіл тізбеде

әзірлеуші орган

1

2

3

4

5

6

3.

Әзірлеуші органның бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерде үлгілік хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру. Мысалы: “Бүгіннен бастап "........ туралы" Заң күшіне енеді. Бұл Заң ... бағытталған. Жете танысу үшін сілтеме (ведомство сайтына сілтеме) бойынша өтуге болады"

ведомстволардың бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында хабарлама жариялау

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде

бірінші басшылардың әлеуметтік желілерінің кемінде 2 түрін қамту

әзірлеуші орган

4.

Баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін қол қойылған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, тәуекелдерді талдауды, ақпараттық өрісті талдауды, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және ОКҚ-ға жіберу

ОКҚ атына құжаттар топтамасымен хат

қажет болған кезде

баспасөз-конференция

әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша)

5.

Әзірленген инфографикалар мен бейнероликтерді бірінші басшылардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында орналастыру

инфографикалар мен бейнероликтерді жариялау

ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде

кемінде 2 ресурста кемінде 2 жарияланым

әзірлеуші орган

6.

БАҚ-та және интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мақалалардың шығуын ұйымдастыру

БАҚ-тағы және интернет-порталдардағы мақалалар

ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде

мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 мақала

әзірлеуші орган, АҚДМ

7.

Әзірлеуші орган берген инфографикалар мен бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыруды ұйымдастыру (қажет болған кезде)

БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар

ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде

кемінде 5 мың пайдаланушыны қамти отырып, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кемінде 2 жарияланым

әзірлеуші орган

1

2

3

4

5

6

8.

Қабылданған заңды түсіндіру бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу

мемлекеттік БАҚ-тың жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер

брифинг өткізілгеннен кейін

кемінде 2 сюжет

әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша)

9.

Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында қабылданған заң бойынша талқылау мен сұхбаттар шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай)

ақпараттық-талдамалық бағдарламалар

қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі

кемінде 3 бағдарлама

әзірлеуші орган, АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша)

10.

Қабылданған заңды сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру

сарапшыларды тарту

ресми жарияланғаннан кейін

баспа басылымдарында кемінде 2 жарияланым

әзірлеуші орган

11.

Қабылданған заңды республикалық және өңірлік телеарналарда талқылау және түсіндіру жөніндегі мамандандырылған бағдарламалардың шығуын қамтамасыз ету (қажет болған кезде)

ақпараттық-талдамалық бағдарламалар

қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі

кемінде 3 бағдарлама

АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2022 года № 209.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 апреля 2022 года № 209

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 02.06.2022 № 355.
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 560 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 907 "Об утверждении Правил законотворческой работы Правительства Республики Казахстан":

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 4 статьи 17-1 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах законотворческой работы Правительства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. По консультативным документам, которые затрагивают интересы субъектов частного предпринимательства, в обязательном порядке опубликовываются (распространяются) анонсы (информационные сообщения) в СМИ, включая размещение на интернет-ресурсах, не позднее 2 (два) рабочих дней до их рассмотрения НПП и экспертным советом.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Проект концепции со всеми прилагающимися материалами и предварительным текстом проекта закона размещается на интернет-портале открытых НПА для рассмотрения его членами Комиссии, о чем разработчиком в течение 1 (один) рабочего дня уведомляются члены Комиссии.

      Иные заинтересованные лица также могут оставлять отзывы по проекту концепции на интернет-портале открытых НПА.";

      приложение 9 к Правилам законотворческой работы Правительства Республики Казахстан изложить в новой редакции согласно приложению к настоящим изменениям.

      ______________________

  Приложение
к изменениям, которые вносятся
в некоторые решения
Правительства Республики
Казахстан
  Приложение 9
к Правилам законотворческой
работы Правительства
Республики Казахстан

Типовая программа информационного сопровождения принятого закона

№ п/п Наименование мероприятия Форма завершения Срок Целевой индикатор Ответственные исполнители
1 2 3 4 5 6

Организационная работа

1.

Обеспечение бесперебойной и эффективной работы между разработчиками закона, пресс-службой и иными структурными подразделениями

внутренний приказ/правила/ алгоритм



орган-разработчик

2.

Подготовка и направление в уполномоченный орган по СМИ принятого закона, пояснительной записки, перечня подзаконных актов, перечня отсроченных норм с указанием даты введения в силу, которые вводятся в действие позднее официального опубликования

пакет документов

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования


орган-разработчик

3.

Подготовка и направление в уполномоченный орган по СМИ списка разработчиков с указанием Ф.И.О., контактов и сферы деятельности (в особенности это касается межведомственных законов)

список должностных лиц, ответственных за разработку закона

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования


орган-разработчик

4.

Подготовка и направление в уполномоченный орган по СМИ списка спикеров (с указанием Ф.И.О., контактов, сферы деятельности, предпочитаемого языка). Список спикеров должен состоять из числа разработчиков, целевой группы, экспертов в данной области, общественников

список спикеров

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования


орган-разработчик

5.

Подготовка и направление в уполномоченный орган по СМИ возможных рисков (организационные, юридические, социальные), связанных с реализацией закона

анализ рисков

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования

не менее 1 аналитической записки

орган-разработчик

6.

Проведение постоянного мониторинга информационного поля

мониторинговая деятельность

в течение 1 (один) календарного месяца со дня официального опубликования

информационно-справочные материалы

орган-разработчик

7.

Подготовка и направление в уполномоченный орган по СМИ по мере необходимости медиа-продуктов по продвижению и разъяснению основных аспектов принятого закона (инфографик, телеграфик, видеороликов и т.д.)

медиа-продукты

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования

не менее 2 инфографик и 1 видеоролика (по необходимости) на государственном и русском языках

орган-разработчик, МИОР

Информационная работа

1.

Разработка и передача координатору консолидированной системы сайтов государственных органов перечня ключевых слов для поиска в браузерах по закону

перечень ключевых слов

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования

не менее 1 перечня

орган-разработчик

2.

Размещение на собственных ресурсах органа-разработчика закона, пояснительной записки, перечня подзаконных актов, перечня отсроченных норм с указанием даты введения в силу

публикация на собственных ресурсах органа-разработчика

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования

весь перечень под одной ссылкой с возможностью поиска по сайту и в поисковиках Google, Yandex, Mail, Explorer

орган-разработчик

3.

Размещение на личных страницах и в социальных сетях первых руководителей органа-разработчика типового сообщения на государственном и русском языках. Пример: "С сегодняшнего дня вступает в силу Закон "О ........". Этот Закон направлен на…. Для детального ознакомления можете пройти по ссылке (ссылка на сайт ведомства)"

публикация сообщения на личных страницах в социальных сетях первых руководителей ведомств

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования

охват не менее 2 разновидностей социальных сетей первых руководителей

орган-разработчик

4.

Подготовка и направление в СЦК подписанного закона, пояснительной записки, перечня подзаконных актов, анализа рисков, анализа информационного поля, перечня отсроченных норм для принятия решения о целесообразности проведения пресс-конференции

письмо в адрес СЦК с пакетом документов

при необходимости

пресс-конференция

орган-разработчик, СЦК (по согласованию)

5.

Размещение разработанных инфографик и видеороликов на личных страницах в социальных сетях первых руководителей

публикация инфографик и видеороликов

в течение 3 (три) рабочих дней после официального опубликования

не менее 2 публикаций на не менее 2 ресурсах

орган-разработчик

6.

Организация выхода статей в СМИ и на интернет-ресурсах на государственном и русском языках

статьи в СМИ и на интернет-порталах

в течение 1 (один) календарного месяца с момента официального опубликования

не менее 2 статей на государственном и русском языках

орган-разработчик, МИОР

7.

Организация размещения инфографик и видеороликов, переданных органом-разработчиком, в СМИ и социальных сетях (при необходимости)

публикации в СМИ и социальных сетях

в течение 1 (один) календарного месяца с момента официального опубликования

не менее 2 публикаций в СМИ и социальных сетях с охватом не менее 5 тысяч пользователей

орган-разработчик

8.

Информационное сопровождение брифингов СЦК по разъяснению принятого закона

сюжеты в новостных блоках государственных СМИ

после проведения брифинга

не менее 2 сюжетов

орган-разработчик, СЦК (по согласованию)

9.

Организация обсуждения и выхода интервью по принятому закону в программах республиканских и региональных телеканалов (по мере необходимости)

информационно-аналитические программы

весь период обсуждения принятого закона

не менее 3 программ

орган-разработчик, МИОР, СЦК (по согласованию)

10.

Организация экспертного сопровождения принятого закона

привлечение экспертов

после официального опубликования

не менее 2 публикаций в печатных изданиях

орган-разработчик

11.

Обеспечение выхода специализированных программ по обсуждению и разъяснению принятого закона на республиканских и региональных телеканалах (при необходимости)

информационно-аналитические программы

весь период обсуждения принятого закона

не менее 3 программ

МИОР, СЦК (по согласованию)

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МИОР – Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан

      СМИ – средства массовой информации

      СЦК – Служба центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан

      __________________________