Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
2. "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында:
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым (заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ететін) жүргізген заңнаманың тиімділігін талдау (нормативтік құқықтық актілерді талдау) нәтижелерін;
"Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) күші жойылды деп тану туралы мәліметтер" деген 11-баған алып тасталсын;
"Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) күші жойылды деп тану туралы мәліметтер" деген 11-баған алып тасталсын;
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар бойынша оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ-та анонстар (ақпараттық хабарламалар) міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тұжырымдама жобасы қоса берілетін барлық материалдармен және заң жобасының алдын ала мәтінімен бірге оны Комиссия мүшелерінің қарауы үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.
Өзге мүдделі тұлғалар да тұжырымдама жобасы бойынша пікірлерін ашық НҚА интернет-порталында қалдыра алады.";
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша |
Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеудің үлгі бағдарламасы
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Мерзімі | Нысаналы индикатор | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұйымдастыру жұмысы | |||||
1. | Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету | ішкі бұйрық/қағидалар/алгоритм | әзірлеуші орган | ||
2. | Күшіне енетін күнін көрсете отырып, қабылданған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | құжаттар топтамасы | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
3. | Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә., байланыстары көрсетілген тізімді (әсіресе, бұл ведомствоаралық заңдарға қатысты) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | заңды әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
4. | Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстар, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілер, нысаналы топ, осы саладағы сарапшылар, қоғамшылдар қатарынан құралуға тиіс | спикерлер тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
5. | Заңды іске асыруға байланысты ықтимал тәуекелдерді (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | тәуекелдерді талдау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 1 талдамалық жазба | әзірлеуші орган |
6. | Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу | мониторингтік қызмет | ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 1 ай ішінде | ақпараттық-анықтамалық материалдар | әзірлеуші орган |
7. | Қабылданған заңның негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (инографикалар, телеграфикалар, телекестелер, бейнероликтер және т.б.) дайындау және қажеттігіне қарай БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | медиа өнімдері | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 инфографика және 1 бейнеролик (қажет болған кезде) | әзірлеуші орган, АҚДМ |
Ақпараттық жұмыс | |||||
1. | Заң бойынша браузерлерде іздеу үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік орган сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру | түйін сөздер тізбесі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 1 тізбе | әзірлеуші орган |
2. | Заңды әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, күшіне енгізілетін күнін көрсете отырып, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін орналастыру | әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігімен бір сілтемедегі бүкіл тізбеде | әзірлеуші орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
3. | Әзірлеуші органның бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерде үлгілік хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру. Мысалы: “Бүгіннен бастап "........ туралы" Заң күшіне енеді. Бұл Заң ... бағытталған. Жете танысу үшін сілтеме (ведомство сайтына сілтеме) бойынша өтуге болады" | ведомстволардың бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында хабарлама жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | бірінші басшылардың әлеуметтік желілерінің кемінде 2 түрін қамту | әзірлеуші орган |
4. | Баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін қол қойылған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, тәуекелдерді талдауды, ақпараттық өрісті талдауды, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және ОКҚ-ға жіберу | ОКҚ атына құжаттар топтамасымен хат | қажет болған кезде | баспасөз-конференция | әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
5. | Әзірленген инфографикалар мен бейнероликтерді бірінші басшылардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында орналастыру | инфографикалар мен бейнероликтерді жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 2 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
6. | БАҚ-та және интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мақалалардың шығуын ұйымдастыру | БАҚ-тағы және интернет-порталдардағы мақалалар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 мақала | әзірлеуші орган, АҚДМ |
7. | Әзірлеуші орган берген инфографикалар мен бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыруды ұйымдастыру (қажет болған кезде) | БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде | кемінде 5 мың пайдаланушыны қамти отырып, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
8. | Қабылданған заңды түсіндіру бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу | мемлекеттік БАҚ-тың жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер | брифинг өткізілгеннен кейін | кемінде 2 сюжет | әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
9. | Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында қабылданған заң бойынша талқылау мен сұхбаттар шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама | әзірлеуші орган, АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
10. | Қабылданған заңды сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру | сарапшыларды тарту | ресми жарияланғаннан кейін | баспа басылымдарында кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
11. | Қабылданған заңды республикалық және өңірлік телеарналарда талқылау және түсіндіру жөніндегі мамандандырылған бағдарламалардың шығуын қамтамасыз ету (қажет болған кезде) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама | АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі