Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысы.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 1041 қаулысына
1-қосымша

Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мынадай шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар:

      1) қандастар;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес-көшіп келушілер;

      3) босқын мәртебесін немесе пана іздеген адамның куәлігін алғандар;

      4) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық уәж бойынша көшіп келушілер болып табылатындар;

      5) Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан шартты түрде айыруға, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар;

      6) адам саудасының құрбаны болып табылатындар, адам саудасына байланысты нақты қылмыстық іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кезеңде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;

      7) Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келетіндер, Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған, шақырушы адамдары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұбайы (зайыбы);

      8) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитындар және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс істейтіндер;

      9) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар;

      10) теңіз және өзен кемелерінің, әуе және теміржол көлігінің экипаж мүшелері болып табылатындар;

      11) әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер;

      12) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары мен органдары тартатын адамдар;

      13) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін жасау және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар;

      14) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметін жүзеге асыратындар, сондай-ақ халықаралық интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратындар үшін – егер халықаралық шартта өзгеше үлес белгіленбесе, ұйым штатының 50 пайызынан аспайды;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше мәртебе берілген білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушы қатарындағы, сондай-ақ біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарында басшы және оқытушы лауазымында жұмыс істейтін және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын адамдар;

      16) жарғылық капиталында қатысу үлесінің жүз пайызы шетелдік болып табылатын қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып жұмыс істейтіндер;

      17) күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын бір мерзімге іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар;

      18) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламада 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестицияға келісімшарт жасасқан ұйымдардың бірінші басшысы және қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметін жүзеге асыратын және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшысы болып жұмыс істейтіндер;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқарушы холдингте құрылымдық бөлімшелердің басшысы лауазымынан төмен емес лауазымда жұмыс істейтіндер;

      20) ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмысқа тартылатындар;

      21) отбасы мүшелерін, сондай-ақ асырауындағы адамдарды қоспағанда, инвесторлық виза алғандар;

      22) "TURAN" арнайы экономикалық аймағы қызметінің басқарушы үйлестірушісі ретінде жұмыс істейтіндер.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 1041 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 189 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 590 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 169 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 256 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 666 қаулысы.

Об определении перечня лиц, для которых не требуются разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2023 года № 1041.


      В редакции от: 24.11.2023

      Опубликовано: Эталонный контрольный банк НПА РК в электронном виде, 28.11.2023

      Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2023 года № 1041

      Об определении перечня лиц, для которых не требуются разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 2 статьи 36-1 Закона Республики Казахстан "О миграции населения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень лиц, для которых не требуются разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности, согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан       А. Смаилов

      Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 24 ноября 2023 года № 1041

      Перечень лиц, для которых не требуются разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 25.07.2024 № 602 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Иностранцы и лица без гражданства:

      1) кандасы;

      2) бизнес-иммигранты, прибывшие для осуществления предпринимательской деятельности;

      3) получившие статус беженца или свидетельство лица, ищущего убежище;

      4) являющиеся иммигрантами, прибывающими по гуманитарным мотивам, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О миграции населения";

      5) осужденные по приговорам судов Республики Казахстан к лишению свободы условно, к наказаниям, не связанным с изоляцией от общества;

      6) являющиеся жертвами торговли людьми на период производства по конкретному уголовному делу, связанному с торговлей людьми, до вступления в законную силу приговора суда;

      7) въезжающие в Республику Казахстан с целью воссоединения семьи, супруг (супруга), состоящий (состоящая) не менее трех лет в браке, признаваемом законодательством Республики Казахстан, у которых приглашающими лицами выступают граждане Республики Казахстан;

      8) обучающиеся по очной форме обучения и одновременно работающие в учебных заведениях Республики Казахстан в свободное от учебы время в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан;

      9) являющиеся гражданами государств – участников Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года;

      10) являющиеся членами экипажей морских и речных судов, воздушного и железнодорожного транспорта;

      11) работающие артистами, режиссерами, дирижерами, хормейстерами, балетмейстерами, спортсменами и тренерами;

      12) привлекаемые участниками и органами международного финансового центра "Астана";

      13) являющиеся специалистами по созданию космического ракетного комплекса и эксплуатации объектов наземной космической инфраструктуры, привлекаемые в рамках международных договоров Республики Казахстан о сотрудничестве в сфере аэрокосмической деятельности;

      14) осуществляющие педагогическую деятельность в соответствии с международными договорами Республики Казахстан о сотрудничестве в сфере образования в организациях образования Республики Казахстан, а также для реализующих международные интегрированные образовательные учебные программы – не более 50 процентов от штата организации, если иная доля не установлена международным договором;

      15) из числа профессорско-преподавательского состава в организациях образования, которым в установленном законодательством Республики Казахстан порядке присвоен особый статус, а также работающие в организациях образования на должностях руководителей и преподавателей, квалификация которых соответствует установленным законодательством Республики Казахстан требованиям, и осуществляющие подготовку кадров для отраслей экономики;

      16) работающие первыми руководителями казахстанских юридических лиц и их заместителями со стопроцентной долей иностранного участия в их уставном капитале;

      17) находящиеся в служебной командировке с деловыми целями, срок которой не превышает суммарно сто двадцать календарных дней в течение одного календарного года;

      18) работающие первыми руководителями организаций, заключивших с Правительством Республики Казахстан контракты на сумму инвестиций в денежном эквиваленте свыше 50 миллионов долларов США, и первыми руководителями юридических лиц Республики Казахстан, осуществляющих инвестиционную деятельность в приоритетных видах деятельности и заключивших контракт с уполномоченным органом по инвестициям;

      19) работающие в национальном управляющем холдинге на должностях не ниже руководителей структурных подразделений с высшим образованием с подтвержденными документами в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      20) привлекаемые для работы в качестве членов совета директоров национального управляющего холдинга;

      21) получившие инвесторскую визу, за исключением членов семьи, а также лиц, находящихся на иждивении;

      22) работающие в качестве управляющего координатора деятельности специальной экономической зоны "TURAN".

      __________________________________

      Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 24 ноября 2023 года № 1041

      Перечень утративших силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределения между областями, городами республиканского значения, столицей Республики Казахстан, определении перечня лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2018 года № 189 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределение между регионами Республики Казахстан, определении перечней отраслей экономики, в рамках которых осуществляется внутрикорпоративный перевод, и лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      3. Пункт 1 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2018 года № 501 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2020 года № 590 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределения между регионами Республики Казахстан, определении лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившим силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      5. Пункт 4 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2021 года № 169 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2022 года № 256 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределения между регионами Республики Казахстан, определении лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2022 года № 666 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределения между областями, городами республиканского значения, столицей Республики Казахстан, определении перечня лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      ________________________________