"Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шiлдедегi № 602 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде:

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) отбасы мүшелерін, сондай-ақ асырауындағы адамдарды қоспағанда, инвесторлық виза алғандар;";

      мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) "TURAN" арнайы экономикалық аймағы қызметінің басқарушы үйлестірушісі ретінде жұмыс істейтіндер.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады