Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу тәртібін айқындайды.";
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобалар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Комиссияны жергілікті атқарушы органдар құрады. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісу бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісу бойынша) өкілдері кіреді.
Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі жөнінде өтінімдер енгізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комиссия алдағы жылға (жылдарға) сұратылып отырған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның ұсынымдары жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) тартуға қажеттілікті жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін:
1) өңірдегі жұмыс күшіне, оның ішінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен сұранысты;
2) жұмыссыз адамдар санының және жұмыскерлердің межеленген босатылу болжамын;
3) жергілікті атқарушы органдардың өткен жылы еңбекші көшіп келушілерді тартуының тиімділігін және алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілердің болжамды қажеттілігін бағалауды ескере отырып айқындайды.";
16-тармақ алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікті қалыптастырады және 1 қарашаға дейін еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік жөніндегі өтінімдерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.";
19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы және мүдделі орталық мемлекеттік органдар ұсынған шетелдік жұмыс күшіне және еңбекші көшіп келушілерге қажеттілік жөніндегі өтінімдер негізінде алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады.
20. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 1 қаңтарға дейінгі мерзімде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөліп, ол бөлінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімді өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
21. Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бөлу:
1) жұмыс берушілердің қажеттілігі, сондай-ақ мүдделі орталық мемлекеттік органдардың шетелдік және маусымдық жұмыскерлер санаттары бөлінісіндегі ұсыныстары негізінде қалыптастырылған, жергілікті атқарушы органдар ұсынған өтінімдерге сәйкес шығу елдері бойынша;
2) жергілікті атқарушы органдар ұсынған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға жүзеге асырылады.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларына 2-қосымша";
4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларына 5-қосымша".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Нысан
20__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қажеттілік
Р/с № | Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) | 20__ жылға арналған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік | ||||
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) | 2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) | 3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) | 4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) | Маусымдық шетелдік жұмыскерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жасаған шарттары, келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, шетелдік жұмыскерлерді тартудың негіздемесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
М.О. (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса) | ||
(жұмыс беруші болып табылатын ұйым басшысының лауазымы) |
Нысан
20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне өтінім
Ағымдағы жылы тартылатын еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік) | 20__ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік | Қажеттіліктің негіздемесі |
1 | 2 | 3 |