"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 590 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 416-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2020 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 590 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 802 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қала, астана арасында бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;

      2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      4) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      5) маусымдық шетелдік жұмыскер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;

      8) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;

      10) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.

2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына проценттік қатынаспен белгіленеді және:

      1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

      3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квотаны қамтиды.

      5. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушілерге тартуға рұқсат етілген және тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті санын айқындайды.

      6. Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінімдер ұсынады.

      7. Жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөніндегі өтінімдерін мына талаптарды:

      1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;

      2) жұмыссыз адамдар санының болжамын және жұмыскерлердің межелі босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын;

      3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз адамдарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндігін;

      4) өткен жылы шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшінің болжамды қажеттігін ескере отырып жинақтайды.

      8. Жергілікті атқарушы органдар 15 қазаннан кешіктірмей шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарын ескере отырып жинақталған жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін шығарады.

      9. Комиссияны жергілікті атқарушы органдар құрады. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісім бойынша) өкілдері қосылады.

      Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін енгізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комиссия жұмыс берушілердің алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін сұратуын қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның ұсынымдары жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.

      10. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін қабылдаудан Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара бас тартады:

      1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;

      2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібін бұзудың жойылмауы;

      3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзудың жойылмауы, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.

      11. Жергілікті атқарушы органдар Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерге олардың шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

      12. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар 1 қарашаға дейін алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыскерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып жинақталған шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      13. Қажет болған жағдайда мүдделі орталық мемлекеттік органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып, аумағында шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін жергілікті атқарушы органдармен келісілген, алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға қалыптастырылған ұсыныстарды тиісті негіздемесімен бірге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға 1 қарашаға дейінгі мерзімде енгізеді.

      14. Еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімнің негізінде қалыптастырылады.

      15. Алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімдерді жергілікті атқарушы органдар аумақтық ішкі істер органдарымен бірлесіп, өткен жылы еңбекші көшіп келушілерді тарту тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілердің болжамды қажеттілігін ескере отырып 10 қазанға дейін айқындайды.

      16. Аумақтық ішкі істер органдары 15 қазанға дейін алдағы жылға (жылдарға) арналған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімдерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне келісуге жолдайды.

      17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі алдағы жылға (жылдарға) арналған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімдерді қарап, қалыптастырады және 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп-қонушыларды тартуға қажеттілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

      18. Шетелдік жұмыс күші шығатын елдер бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде белгіленеді.

      Шығу елдері бойынша квотаны жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасқан кезде жүргізілген еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып қалыптастырады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      19. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынған өтінімдердің негізінде алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады.

      20. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 1 қаңтарға дейінгі мерзімде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөліп, ол бөлінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімді өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      21. Қазақстан Республикасының өңірлері арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бөлу:

      1) жұмыс берушілердің қажеттілігі, сондай-ақ мүдделі орталық мемлекеттік органдардың шетелдік және маусымдық жұмыскерлер санаттары бөлінісіндегі ұсыныстары негізінде қалыптастырылған, жергілікті атқарушы органдар ұсынған өтінімдерге сәйкес шығу елдері бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға жүзеге асырылады.

      22. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген квота мүдделі мемлекеттік не жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында шегінде қайта бөлуді жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны Қазақстан
Республикасының
өңірлері арасында бөлу
қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  (облыстың, республикалық
  маңызы бар қаланың, астананың
  уәкілетті органның атауы)
  кімнен
  ___________________________
  ___________________________
  ___________________________
  ___________________________
  (заңды немесе жеке тұлғаның
  толық атауы, заңды мекенжайы)
  нұсқа

20__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттілік

Р/с № Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) 20__ жылға арналған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) Маусымдық шетелдік жұмыскерлер

1

2

3

4

5

6

7

      Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жасаған шарттары, келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, шетелдік жұмыскерлерді тартудың негіздемесі

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________




М.О. (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)

(жұмыс беруші болып табылатын ұйым басшысының лауазымы)



  Қазақстан Республикасына
  шетелдік жұмыс күшін
  тартуға арналған квотаны
  белгілеу және оны Қазақстан
  Республикасының өңірлері
  арасында бөлу қағидаларына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  кімнен
  __________________________
  _________________________
  __________________________
(жергілікті атқарушы органның
  толық атауы)
  нұсқа

20__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім

Р/с № Ұйым (толық атауы, заңды мекен жайы) Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) 20__ жылға шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, қажеттіліктің негіздемесі
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) Маусымдық жұмыскерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Қазақстан Республикасына
  шетелдік жұмыс күшін тартуға
  арналған квотаны белгілеу және
  оны Қазақстан Республикасының
  өңірлері арасында
  бөлу қағидаларына
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Ішкі істер министрлігіне
  кімнен___________________
  _________________________
_________________________
(аумақтық ішкі істер органының
  толық атауы)
  нұсқа

20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігі жөніндегі өтінім

Р/с № Өткен жылы тартылған еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік) 20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік Қажеттіліктің негіздемесі
1 2 3 4




      Аумақтық ішкі істер органының басшысы:__________________________________

      _______________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) М.О.

  Қазақстан Республикасына
  шетелдік жұмыс күшін тартуға
  арналған квотаны белгілеу
  және оны Қазақстан
  Республикасының өңірлері
  арасында бөлу қағидаларына
  4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  Қазақстан Республикасының
  Ішкі істер министрлігінен
  нұсқа

20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік

Р/с № Өңірлер Өткен жылы тартылған еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік) 20__ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік Қажеттіліктің негіздемесі
1 2 3 4 5

1

Ақмола облысы




2

Ақтөбе облысы




3

Алматы облысы




4

Атырау облысы




5

Шығыс Қазақстан облысы




6

Батыс Қазақстан облысы




7

Жамбыл облысы




8

Қарағанды облысы




9

Қызылорда облысы




10

Қостанай облысы




11

Маңғыстау облысы




12

Павлодар облысы




13

Солтүстік Қазақстан облысы




14

Түркістан облысы




15

Алматы қаласы




16

Нұр-Сұлтан қаласы




17

Шымкент қаласы




 
  Қазақстан Республикасына
  шетелдік жұмыс күшін тартуға
  арналған квотаны белгілеу және
  оны Қазақстан Республикасының
  өңірлері арасында
  бөлу қағидаларына
  5-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  кімнен____________________
  __________________________
  __________________________
  (жергілікті атқарушы органның
  толық атауы)
  нұсқа

Шығу елдері бойынша Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға 20__ жылға арналған өтінім

Р/с № Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны 20__ жылға арналған шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) Маусымдық шетелдік жұмыскерлер
1 2 3 4 5 6 7

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады