"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 810 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, масс-медиа, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      13-тармақта:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) масс-медиа;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      15-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөнінде республикалық комиссия құру;";

      14), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      15) телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      16) міндетті мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша міндетті мемлекеттік теле-, радиоарналардың тізбесін конкурс өткізбестен қалыптастыру және бекіту;";

      27) тармақша алып тасталсын;

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөнінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөнінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөнінде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      33-2) цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін айқындау;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) масс-медиа мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "137) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу;";

      142) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "142) масс-медиа саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;";

      144) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "144) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және масс-медиа саласындағы бірінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;";

      147) және 148) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "147) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      148) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 148-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "148-1) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды және теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      152) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "152) орталық және жергілікті атқарушы органдардың масс-медиа мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;";

      155) және 156) тармақшалар алып тасталсын;

      160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "160) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқама беру;";

      170 және 171) тармақшалар алып тасталсын;

      175), 176) және 177) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "175) шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою немесе қайта есепке қою қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      176) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталуы тұрғысынан масс-медиа мониторингін жүзеге асыру;

      177) Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының масс-медиада сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      179) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "179) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;";

      198) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "198) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, діни қызмет, ақпарат, мәдениет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 198-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "198-1) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;";

      218) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "218) Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы үш жылда кемiнде бiр рет дайындауды және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асыру;";

      315) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "315) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізуге арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";

      482) тармақша алып тасталсын;

      484) және 485) тармақшалар алып тасталсын;

      487), 488), 489), 490) және 491) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 496-10), 496-11), 496-12), 496-13), 496-14), 496-15), 496-16), 496-17), 496-18), 496-19), 496-20), 496-21), 496-22), 496-23), 496-24), 496-25), 496-26), 496-27), 496-28), 496-29) және 496-30) тармақшалармен толықтырылсын:

      "496-10) жеке тұлғалардың петицияларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;

      496-11) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен гранттар беру;

      496-12) ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау;

      496-13) аккредиттеу картасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-14) бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру және олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-15) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      496-16) тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы мен ережесін әзірлеу және бекіту;

      496-17) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар бөлу жөніндегі комиссия құру;

      496-18) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестің үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;

      496-19) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және тиімділігін бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-20) шығындарды субсидиялау не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру;

      496-21) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөнінде комиссия құру;

      496-22) өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-23) Қазақстан Республикасы Даңқ Кітабының жүргізілуі мен сақталуын бақылау;

      496-24) адам саудасының алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;

      496-25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу;

      496-26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысу;

      496-27) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған адам саудасымен байланысты қылмыс фактілері туралы хабардар ету;

      496-28) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызмет нәтижелері туралы хабардар ету;

      496-29) масс-медиада адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық насихатты қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      496-30) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін масс-медиада жариялауға ықпал ету;".

      2. Осы қаулы Ереженің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 496-14), 496-16) және 496-17) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады