Кеден органдары тәргiлеген және мемлекет пайдасына алған басқа да мүлiктi есепке алу, бағалау және өткеру тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 шiлде 1992 ж. N 574. Күшi жойылды - Қазақстан Министрлер Кабинетiнiң 1994.04.04. N 322 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Кеден органдары тәргiлеген және мемлекет пайдасына алған басқа да мүлiктi есепке алу, бағалау және өткеру тәртiбi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және бас салық инспекциясымен келiсе отырып, бiр ай мерзiмде осы Ереженi қолдану тәртiбi туралы нұсқауды әзiрлесiн.
             Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1992 жылғы 2 шiлдедегi
                                           N 574 қаулысымен
                                              Бекiтiлдi
             Кеден органдары арқылы мемлекет пайдасына алынып
             тәргiленген және басқа да мүлiктердi есепке алу,
                бағалау және өткеру тәртiбi туралы Ереже

                    I. Жалпы Ережелер
      Бұл Ережелер кеден органдарының шешiмi бойынша мемлекет пайдасына алынып, тәргiленген мүлiктерге және басқа мүлiктерге оның iшiнде асыл металдардан жасалған зергерлiк және тұрмыстық бұйымдарға, осы металдардан қондырма салынған және салынбаған, асыл және жартылай асыл тастарға, кедендерден және еркiн кеден қоймаларынан мерзiмiнде сұралмаған тауарларға, заттарға, көлiк құралдарына және басқа мүлiкке қолданылады.
      Контрабанда туралы iстер жөнiндегi кеденнiң қаулысы негiзiнде тәргiленiп, мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктер оның iшiнде асыл металдардан жасалған тұрмыстық бұйымдарды, асыл және жартылай асыл тастардан жасалған бұйымдарды қосқанда, Қазақстан Республикасы Кеден комитетi жанындағы республикалық сыртқы экономикалық бiрлестiк ұйымдастыратын аукциондарда сатылады <*> .
      <*> Бұдан былай "Қазсыртқытерминал" деп аталады.

                    II. Мүлiктi есепке алу және сақтау
      Осы Ереженiң 1 тармағында көрсетiлген мүлiктi есепке алу және күзету мүлiктi актi бойынша "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгiне өткiзгенге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне жүктеледi.
      Осы Ереженiң 1 тармағында көрсетiлген мүлiктер кеден органдары арқылы актi бойынша "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгiне берiледi, актiнiң бiр данасы 10 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Бас салық инспекциясына жiберiледi.
      Мүлiктi есепке алу мен күзету шараларын "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгi Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Бас салық инспекциясымен келiсiп белгiлеген тәртiп бойынша жүзеге асырады.

                    III. Мүлiктi бағалау және өткiзу
      Тәргiленген, сұралмаған, мемлекет пайдасына алынған мүлiктi бағалауды құрамына салық органы мен мүлiк есепке алынған күннен кейiн 10 күн мерзiм iшiнде өткiзуге берiлетiн ұйымның өкiлдерi кiретiн комиссия жүргiзедi.
      Қажет жағдайларда комиссия жекелеген заттарды бағалау үшiн сарапшы-мамандарды шақырады.
      "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгi өткiзу үшiн қабылдап алған мүлiк оның сапасы, ескiрiп тозуы (бастапқы тағайындалған бағасы) ескерiлiп, еркiн (нарықтық) баға бойынша бағаланады.
      Кеден аукциондарында тауарлар сату жеке адамдарға (оның iшiнде шетелдiктерге) қолма-қол немесе Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерiнiң чектерi арқылы, сондай-ақ кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және кооперативтерге есепке ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
      Тауарларды бастапқы тағайындалған бағасынан арзанға сатуға жол берiлмейдi.
      Аукционда сатып алынған тауарларға (лоттарға) ақшаны жеке адамдар қолма-қол немесе Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерiнiң чегiмен (есеп айырысу кiтапшасымен) төлейдi. Шетелдiк сатып алушылармен есеп айырысу кез келген сомаға тек өтiмдi валютамен ғана жүргiзiледi.
      Аукционда сатылып алынған мүлiк сатып алушылардан керi қабылданбайды.
      Аукционда сатылмаған тауарларды "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгi өзiнiң сауда жүйесi арқылы сатады.
      Тарихи, ғылыми, көркем құндылығы бар заттар, кеңес және шетел валюталарындағы ақша сомалары, шетелдiк валютадағы төлем құжаттары мен қор қазыналары, оларды тұрақты валютаға айналдыру хұқы бар, шетел валюталарына сатып алынған соммен көрсетiлген банктiң төлем құжаттары, iшкi ұтыс займдарының облигациялары, дiни рәсiм заттары аукцион арқылы сатуға жатпайды және оларды бағалауды және пайдалануды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бас салық инспекциясы мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырады.

                IV. Аукциондарда сатылған тауарлардан
                       түскен кiрiстi бөлу
      Аукционда тауарларды өткiзуден түскен қаржының;
      80 процентi республикалық бюджеттiң кiрiсiне;
      10 процентi Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кiрiсiне;
      10 процентi аукционды өткiзген ұйымның кiрiсiне түседi.
      Аукционды әзiрлеу және өткiзу барысындағы қаржы операцияларына бақылауды жергiлiктi қаржы органдары мен салық инспекциялары жүзеге асырады.
      "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгi белгiленген тәртiп бойынша қаржы есебiн бередi.

               V. Мемлекеттiк салық инспекциялары мен
            "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгiнiң лауазымды
              адамдарының iс-әрекеттерiне шағым жасау
      Аукцион комиссияларының iс-әрекеттерiне шағымдар, өтiнiштер және аукционға қатысушылардың басқа да даулы мәселелерi "Қазсыртқытерминал" бiрлестiгiне немесе аукционды өткiзушi басқа да кеден органдарына табыс етiледi. Олардың шешiмiне Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне шағым жасауға болады. Өтiнiштер 15 күн мерзiм iшiнде қаралып, олар бойынша шешiм қабылдануға және жауап қайтарылуға тиiс.
      Аукционды өткiзген лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерi жөнiнде Қазақстан Республикасының қазiргi қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiп бойынша сотқа шағым жасалады.
      Аукцион комиссиясы құзырлы ұйымдарға, оның iшiнде салық ұйымдарына аукционда товарлар сатып алған адамдар туралы мағлұмат беруге хұқылы.
      Осы Ереженi қолдану жөнiндегi нұсқауды Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Мемлекеттiк салық инспекцияларымен келiсе отырып әзiрлейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады