Темiржол жарғысында көзделген айыппұл мөлшерiн арттыру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 28 тамыз 1992 ж. N 721. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.02.27. N 206 қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
1. 1992 жылғы 1 қыркүйектен бастап темiржол Жарғысында көзделген айыппұл мөлшерi:
50 және 92 баптарға сәйкес темiржолдың вагондарды беру мен алып кетудi кiдiрткенi үшiн;
51 және 161 баптарға сәйкес вагондарды тазартпағаны және цистерналарды сарықпағаны үшiн;
104 бапқа сәйкес тiкелей аралас қатынас тасымалы кезiнде контейнерлердi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрткенi үшiн;
118 және 118-1 баптарға сәйкес жүктердi ауыстыру жоспарын орындамағаны және вагондар мен кемелердiң бос тұрғаны үшiн;
144 бапқа сәйкес жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн;
155 бапқа сәйкес жүк атауын дұрыс көрсетпегенi үшiн;
155-1 бапқа сәйкес темiржолдың рұқсатынсыз жалпы желiлiк парктiң вагондары мен контейнерлерiн жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың және кiрме жолдар иелерiнiң өздерiнiң iшкi тасымалына пайдаланғаны үшiн;
156, 156-1, 156-2, 157 баптарға сәйкес вагондар мен контейнерлердi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрткенi үшiн;
159-1 бапқа сәйкес вагондар мен контейнерлердiң жүк көтергiштiгi мен сыйымдылығын толық пайдаланбағаны үшiн;
163 бапқа сәйкес кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге қарасты немесе олар жалға алған вагондар мен контейнерлердi темiржолдың өз бетiмен алып қойғаны үшiн 20 есе арттырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi жүк тасымалдау тарифi деңгейiнiң одан әрi өзгеруi барысында, осы қаулының 1 тармағында аталған айыппұл мөлшерлерiн өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныс енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Темiржол Жарғысында көзделген айыппұл мөлшерiн арттыру туралы" 1992 жылғы 9 сәуiрдегi N 318 (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 14) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз