1. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң байланыс полкiнiң әскери қалашығы Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қарамағына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiн орналастыруға "Красный Восток" поселкесiндегi әскери қалашық берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы мен Шекара әскерлерiнiң қолбасшылары 1992 жылғы 10 қазанға дейiн әскери қалашықтарды қабылдап алу мен өткiзудi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы мен Шекара әскерлерi бөлiмшелерiнiң орналастырылуын жүзеге асыратын болсын.
4. Қаржы министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетi, Қорғаныс министрлiгi мен Республикалық ұланның қолбасшысы осы аталған әскери құрамдарды қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қайта орналастыру мәселесiн пысықтасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi