Беларусь Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 қазан 1992 ж. N 927

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Декларациясына және 1992 жылғы 16 қыркүйекте Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Үкiметтiк делегациялары кездесуiнiң хаттамасына сәйкес, сондай-ақ 1992 жылғы 16 қыркүйекте Алматы қаласында қол қойылған "Қазақстан Республикасының Үкiметi және Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы сауда- экономикалық ынтымақтастықтың принциптерi туралы" Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы

етедi:
     1. Беларусь Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда 
өкiлдiгi құрылсын.
     2. Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының Сауда 
өкiлдiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген 
Сауда өкiлдiгi туралы ереженiң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы 
Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады