Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Заңын орындау үшiн және азаматтардың мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Әуе, темiржол, теңiз, iшкi су және облысаралық, республикааралық автомобиль көлiктерi жолаушыларын жол жүрген кезде (ұшқанда), сондай-ақ жол жүрудi хабарлаған сәттен жолаушының вокзал, айлақ, станса аумағында (үйiнде) болған кезiнде бақытсыздық жағдайынан мiндеттi сақтандыру енгiзiлсiн.
Сақтандырудың осы түрi меншiк нысандарына және ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан, барлық көлiк ұйымдары тасымалдайтын
жолаушылар үшiн енгiзiледi.
2. Билеттердiң құнына орай сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi
мынадай болып белгiленсiн:
50 сомға дейiн - 1 сом
51-ден 100 сомға дейiн - 2 сом
101-ден 200 сомға дейiн - 3 сом
201 сом және одан жоғары - 5 сом.
Сақтандыру төлемiнiң сомасы билеттiң құнына енедi және
көлiк ұйымдарының жолаушыларынан ұсталады.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүру хұқын тегiн пайдаланатын жолаушылар сақтандыру төлемiн өтемей-ақ мiндеттi түрде сақтандырылады.
3. Көлiк және сақтандыру ұйымдары арасындағы келiсiм бойынша халықаралық рейстердiң жолаушыларына мiндеттi сақтандыру жөнiндегi төлемдер шетел валютасымен төленедi.
4. Жолаушыларды мiндеттi сақтандыру төлемiнiң 30 процентi жолаушылар тасымалының хауiпсiздiгiн арттыру шараларын қаржыландыру үшiн көлiк ұйымдарының қарамағына қалдырылатын болып белгiленсiн.
Жолаушыларды мiндеттi сақтандыру жөнiндегi төлемнен қалған сома сақтандыру қорларын қалыптастыру, одан сақтандыру сомаларын төлеу, қосалқы сақтандыру қорына аудару мен iстi жүргiзуге кеткен шығынның орнын толтыруды жүзеге асыру үшiн сақтандыру ұйымдарына аударылады.
Жолаушыларды мiндеттi сақтандыру бойынша төлем аудару тәртiбi көлiк сақтандыру ұйымдары арасындағы шартпен белгiленедi.
5. Көлiк ұйымдарына сақтандырылған жолаушы көлiкте ұшыраған
әрбiр жазатайым жағдай жөнiнде акт жасап, оны жолаушыға немесе
соның мұрагерiне табыс ету мiндеттелсiн.
6. Жолаушыны мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы
75 мың сом мөлшерiнде белгiленсiн. Сақтандырылған жолаушы көлiктi
жазатайым оқиға салдарынан жарақат алған жағдайда, осы қаулыға
қоса тiркелген қосымшаға сәйкес, жарақаттың тиiстi ауыртпалығына
қарай сақтандыру сомасының бiр бөлiгi төленсiн.
Сақтандырылған жолаушы қаза тапқан жағдайда 75 мың сом
сақтандыру сомасы оның мұрагерiне төленедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қосымшаның қазақша мәтіні жоқ
ПРИЛОЖЕНИЕ
к постановлению Кабинета Министров
Республики Казахстан
от 2 декабря 1992 года N 1014
Р А З М Е Р Ы
выплат страховых сумм застрахованным
пассажирам в связи с получением травмы
(увечья) на транспорте
----------------------------------------------------------------
Тяжесть травмы ! Размер выплаты (количество
! минимальных заработных плат)
----------------------------------------------------------------
Инвалидность 1 группы 65
Инвалидность 2 группы 45
Инвалидность 3 группы 25
Тяжелая степень травмы 10
Легкая степень травмы 4
----------------------------------------------------------------
Сноска. Приложение N 1 в новой редакции - Постановление
Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 июня 1993
г. N 501.