Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiнде үкiметаралық қазақ-қытай комиссиясын құру мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 10 желтоқсан N 1041. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 18.01.1995 ж. N 62 қаулысымен.

      Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiнде үкiметаралық қазақ-қытай комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қытай Халық Республикасы Үкiметi арасындағы Келiсiмге сәйкес және екiжақты келiсiмдер мен шарттарды жүзеге асыру жөнiнде екi жақтың күш-жiгерiн үйлестiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара пайдалы ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөнiнде

жұмыс жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
     1. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық
жөнiндегi үкiметаралық қазақ-қытай комиссиясының қазақ бөлiмi 
мына құрамда бекiтiлсiн:
     Әбiшев                  - Сыртқы экономикалық байланыс
     Сыздық Жұматайұлы         министрi (комиссияның тең 
                               төрағасы)

                    комиссия мүшелерi:
     Әбiтаев                 - Қазақстан Республикасының
     Есберген Әбiтайұлы        Экономика жөнiндегi мемлекеттiк
                               комитетi Төрағасының орынбасары

     Байжанов                - Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары
     Сәбит Мұқанов

     Дәукеев                 - Ғылым және жаңа технологиялар 
     Диас Кенжебекұлы          министрiнiң орынбасары

     Каплан                  - Көлiк министрiнiң бiрiншi 
     Теодор Лазаревич          орынбасары

     Iңкәрбаев               - Сауда министрiнiң орынбасары
     Дабыр Камысбайұлы         

     Тоқаев                  - Сыртқы iстер министрiнiң
     Қасымжомарт Кемелұлы      орынбасары

     Жомартов                - "Қазжеңiлөнеркәсiп" концернiнiң
     Әбдiразақ Шәушенұлы      президентi

     Бекбергенов             - Президент пен Министрлер
     Садыхан                   Кабинетi Аппаратының Сыртқы
                               байланыс бөлiмiнiң аға референтi

     Тайыров                 - Сыртқы экономикалық байланыс
     Сәбит Мұхтарұлы           министрлiгiнiң басқарма бастығы
                               (комиссияның жауапты хатшысы)
     2. Үкiметаралық комиссияның қазақ бөлiмiне қажет болған 
жағдайда көмекшi комиссиялар мен жұмыс тобының құрамын бекiтуге,
олардың жұмысының мiндеттерi мен негiзгi бағыттарын анықтауға
хұқық берiлсiн.
     3. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және
Ленинск қалаларының әкiмдерi үкiметаралық комиссияның қызметiне
жан-жақты көмек көрсетсiн.

            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi  
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады