Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң санын көбейту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 30 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының атқаратын мiндеттерi көлемiнiң ұлғаюына және жаңа ұйымдастыру құрылымдарының жасақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының саны 150 әскери қызметшi мен 50 қызметшiге көбейтiлiп, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 750 адам болып (үйлерге күтiм жасайтындардан басқалары) белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне белгiленген қызметкерлер саны мен еңбекақы қоры шеңберiнде республика Қорғаныс министрлiгi аппаратының штатын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бөлiмдерi мен мекемелерiнiң штаты мен табелiн бекiту хұқығы берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 575 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 27, 413-бап).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Об увеличении численности центрального аппарата Министерства обороны Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 января 1993 года № 30. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2011 года № 580

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.05.2011 № 580.

      В связи с возросшим объемом выполняемых задач и созданием новых организационных структур в центральном аппарате Министерства обороны Республики Казахстан Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Увеличить численность центрального аппарата Министерства обороны Республики Казахстан на 150 военнослужащих и 50 служащих, установив предельную численность работников аппарата 750 единиц (без персонала по обслуживанию зданий).
      2. Предоставить Министерству обороны Республики Казахстан право утверждать штаты аппарата Министерства обороны республики, штаты и табеля частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан в пределах установленной численности и фонда оплаты труда.
      3. Признать утратившим силу пункт 2 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 июля 1992 г. N 575 P920575_ "О Министерстве обороны Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 27, ст.413).
 

      Премьер-министр

   Республики Казахстан