Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы өнiмдерiнiң экспортына 1993 жылғы квоталар қосымшаға сәйкес (ТМД елдерiне, Грузия мен Азербайжанға берiп тұруды есептемегенде) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өнiмдер экспортының аталған көлемдерiн министрлiктерге, ведомстволарға, облыстардың, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерiне, кәсiпорындар мен ұйымдарға 2 апта мерзiм iшiнде жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерi, экспорттаушы кәсiпорындар өнiмдердi экспортқа белгiленген квоталар шегiнде берiп тұру жөнiндегi тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi сыртқы нарықта оңай өткiзiлетiн өнiмдер өндiрмейтiн өндiрiстiк бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстi жетiлдiру мен жаңа технологияларды енгiзу үшiн қажеттi валюта қаржысына дiлгерлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан нарық сұранымын ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне аталған мақсат үшiн мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерге экспорт квоталарды көбейту жөнiнде ұсыныс жасайтын болсын.
Аталған бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың сатып
алған өнiмдерi, соның iшiнде биржалардан да, Сыртқы экономикалық
байланыстар министрлiгi айқындаған сыртқы сауда ұйымдары арқылы
оларға берiлген лицензиялар бойынша ғана экспортқа шығарыла
алатын болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi экспортқа
шығарылатын өнiмдердi тиеуге көлiк құралдарын уақытында бөлудi
қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 26 қаңтардағы
N 66 қаулысына
қосымша
1993 жылғы өнiмдер экспортына квоталар
(Кесте)
(Кестенiң қазақша аудармасы жоқ, орысша текстен қараңыз)
Приложение
к постановлению Кабинета Министров
Республики Казахстан
от 26 января 1993 года N 66
Сноска. В приложение внесены изменения постановлением от 15 июля
1993 г. N 612.
КВОТЫ НА ЭКСПОРТ ПРОДУКЦИИ В 1993 ГОДУ
---------------------------------------------------------------------
! Единица ! Величина квот
! измерения ! на 1993 год
---------------------------------------------------------------------
Нефть тыс.тонн 5500
Уголь -"- 2750
Дизельное топливо -"- 280
Мазут топочный -"- 600
Цинк -"- 90
Свинец -"- 70
Железорудные окатыши -"- 1000
Хромовая руда -"- 900
Ферросплавы -"- 510
Медь -"- 120
Прокат черных металлов -"- 680
Жесть белая -"- 80
Желтый фосфор -"- 50
Минеральные удобрения, включая
аммофос -"- 478
Триполифосфат натрия -"- 50
Каракуль тыс.штук 450
Кожсырье крупное -"- 275
Кожсырье мелкое -"- 650
Кожсырье свиное -"- 330
Панты кг 3640
Хлопок-волокно тыс.тонн 28,7
Зерно -"- 1000
Бихромат натрия -"- 20
Икра осетровая кг 80000
Рога сайги тонн 10
Полипрофилен тыс.тонн 5,5
Полистирол -"- 10
Редкие и редкоземельные металлы млн.долларов 42
.