Жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде айыппұл мөлшерiн арттыру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 11 наурыз N 196. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.02.27. N 206 қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Темiр жол Жарғысында көзделген айыппұл мөлшерiн арттыру туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 34, 522-бап) 1992 жылғы 28 тамыздағы N 721 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi тиiсiнше 1993 жылғы 11 наурыздан бастап 5 есе арттырылсын:
50 және 92 баптарға сәйкес темiр жолдың вагондарды беру мен алып кетудi кiдiрткенi үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын
51 және 161 баптарға сәйкес вагондарды тазартпағаны және цистерналарды сарықпағаны үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын
104 бапқа сәйкес тiкелей аралас қатынас тасымалы кезiнде контейнерлердi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрткенi үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын.
118 және 118-1 баптарға сәйкес жүктердi ауыстыру жоспарын орындамағаны және вагондар мен кемелердiң бос тұрғаны үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын.
114 бапқа сәйкес жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын.
155 бапқа сәйкес жүк атауын дұрыс көрсетпегенi үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын.
155-1 бапқа сәйкес темiр жолдың рұқсатынсыз жалпы желiлiк парктiң вагондары мен контейнерлерiн жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың және жолдар иелерiнiң өздерiнiң iшкi тасымалына пайдаланғаны үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын.
156, 156-1, 156-2, 157 баптарға сәйкес вагондар мен контейнерлердi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрткенi үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын.
159-1 бапқа сәйкес вагондар мен контейнерлердiң жүк көтергiштiгi мен сыйымдылығын толық пайдаланбағаны үшiн; <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын.
163 бапқа сәйкес (бiрiншi абзац) кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге қарасты немесе олар жалға алған вагондар мен контейнерлердi темiр жолдың өз бетiмен алып қойғаны үшiн. <*> 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысымен белгiленген айыппұл мөлшерi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап айыппұл мөлшерi 3 есе арттырылсын
2. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгi жүк тасымалдау тарифi деңгейiнiң одан әрi өзгеруi барысында, осы қаулының 1 тармағында аталған айыппұл мөлшерiн өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз