1. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетi құрылып, оған Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi Республика министрлiктерi мен ведомстволарының, мемлекеттiк кәсiпорындардың, жеке бизнестiң, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың күш-жiгерiн үйлестiру қызметi жүктелсiн.
2. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония
комитетiнiң жеке құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 3. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетi хатшылығының қызметiн атқару Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 тамыздағы N 714 қаулысына Қосымша Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетiнiң Құрамы Үркiмбаев М.Ф. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi (төраға) <*> Айманов Ә.К. - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрiнiң орынбасары (төрағаның орынбасары) Арыстанов А.К. - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк басқармасының бастығы (хатшы) Ескерту. Қосымшаға iшiнара өзгертулер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 5.04.1994 ж. N 327 қаулысымен. Комитет мүшелерi: Байсейiтов Б.Р. - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң президентi Бейсенов О.М. - Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi басқармасының төрағасы Бектемiсов А.И. - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Дәукенов Д.К. - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрiнiң орынбасары Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi жанындағы шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiгiнiң төрағасы Жомартов А.Ш. - "Жеңiлинвест" акционерлiк инвестициялық компаниясының президентi Дүйсебаев Б.Д. - Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық қатынастар басқармасының бастығы Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары Есенғарин Н.Қ. - Қазақстан Республикасының Көлiк министрi Кәкiмжанов З.Х. - "Кинко" инвестициялық компаниясының президентi Қиынов Л.К. - "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры Милованов В.Д. - "КЭМПО" корпорациясының президентi Мұхамеджанов Б.Ғ. - Шағын кәсiпорындар одағының президентi Нәбиев Ж.Ж. - "Қазақстан коммерция" сыртқы экономикалық қауымдастығының президентi Түкенов Ә.Ә. - Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Үркiмбаев М.Ф. - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Шарафутдинов Р.Я. - Қарағанды металлургия комбинатының бас директоры