1. Су шаруашылығы объектiлерi мен жердi кешендi мелиорациялау құрылысы жөнiндегi "Қазсумелиорация" мемлекеттiк концернi құрамына кiретiн су шаруашылығы құрылыс-өнеркәсiп бiрлестiктерi, трестерi, кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде "Тоған" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi - Компания) N 1, 2 қосымшаларға сәйкес құрылсын.
2. Компания Су шаруашылығы объектiлерi мен жердi кешендi мелиорациялау құрылысы жөнiндегi "Қазсумелиорация" концернiнiң мүлiкке құқығы мен мiндеттерiнiң иегерi болып табылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға кiретiн заңда бұрын белгiленген тәртiппен құрылған акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға тапсырсын.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Компанияға Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдарының мемлекеттiк меншiгiн қайта жаңғыртуды жүргiзу тапсырылсын.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн акция пакеттерiнен басқа құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялық пакеттерi Компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
5. Компания Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, мелиорациялауды дамыту мен мелиорация-су шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi инвестициялаудың кешендi жоспарларын
жүзеге асырады деп белгiленсiн. 6. "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары, өзiнiң Жарғысы негiзiнде қызмет атқарады және Республиканың агроөнеркәсiптiк кешенiне кiредi. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 874 қаулысына N 1 қосымша "Тоған" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн құрылыс-өнеркәсiп бiрлестiктерi, трестер мен кәсiпорындардың Тiзбесi "Ақтөбемелиорация" акционерлiк қоғамы, Ақтөбе қаласы "Айдын" акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы"Қостанаймелиорация" акционерлiк қоғамы, Қостанай қаласы "Семеймелиорация" акционерлiк қоғамы, Семей қаласы "Талдықорғанмелиорация" акционерлiк қоғамы, Талдықорған қаласы "Еңбек" акционерлiк қоғамы, Қызылорда қаласы "Алматымелиорация" өнеркәсiп-құрылыс-монтаж бiрлестiгi, Алматы қаласы "Шығысмелиорация" құрылыс-монтаж бiрлестiгi, Өскемен қаласы "Жамбылмелиорация" құрылыс-монтаж бiрлестiгi, Жамбыл қаласы "Қызылордамелиорация" өнеркәсiп-құрылыс-монтаж бiрлестiгi, Қызылорда қаласы "Қазалысуқұрылысы" құрылыс-монтаж тресi, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы "Көкшетаумелиорация" құрылыс-өнеркәсiп бiрлестiгi, Көкшетау қаласы "Қостанайауылшарсуқұбырықұрылысы" өндiрiстiк құрылыс бiрлестiгi, Қостанай қаласы "Павлодармелиорация" құрылыс-өнеркәсiп бiрлестiгi, Павлодар қаласы "Ақмоламелиорация" құрылыс-өнеркәсiп бiрлестiгi, Ақмола қаласы "Шымкентмелиорация" құрылыс-өнеркәсiп бiрлестiгi, Шымкент қаласы "Қазжайылым" өндiрiстiк-құрылыс-пайдалану бiрлестiгi, Шымкент қаласы "Жөнқұрылыстехника" өндiрiстiк бiрлестiгi, Қарасу поселкесi, Алматы облысы "Суқұрылысиндустрия" өндiрiстiк бiрлестiгi, Шымкент қаласы "Монтажарнаулықұрылыс" тресi, Қарасу поселкесi, Алматы облысы "Оралсуқұрылысы" тресi, Орал қаласы Алматы арнаулы iске қосуды реттеу басқармасы, Талғар қаласы, Алматы облысы Маңғыстау су шаруашылығы құрылысы басқармасы, Ақтау қаласы Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 58 жылжымалы механикаландырылған колонна, Петропавл қаласы Торғай облысындағы N 39 жылжымалы механикаландырылған колонна, Арқалық қаласы Темiрбетон бұйымдары зауыты, Ақтөбе қаласы "Жөнмелиоқұрылысмаш" зауыты, Ақмола қаласы Сауда-өндiрiстiк бiрлестiгi, Алматы қаласы "Қазоргтехсуқұрылысы" тресi, Алматы қаласы Өндiрiстiк техникалық байланыс торабы (ӨТБТ), Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 874 қаулысына N 2 қосымша
"Тоған" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн жекешелендiруге жатпайтын кәсiпорындар мен ұйымдардың Тiзбесi Қызылорда политехникумы, Қызылорда қаласы Шымкент коммерциялық колледж, Шымкент қаласы Қызмет ғимаратының басқармасы, Алматы қаласы