Көкшетау қаласында автомобиль радиаторларын өндiретiн Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 қазан 1993 ж. N 982

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өндiрiсi жөнiндегi "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясының, Көкшетау облысы әкiмiнiң Көкшетау қаласында "Бiрлiк" акционерлiк қоғамының базасында Шадринск "Автоагрегат" акционерлiк қоғамымен (Ресей Федерациясы) бiрге жылына 30 мың автомобиль радиаторын өндiретiн кәсiпорын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясының ұсынуы бойынша 1994-1995 жылдары республикада автомобиль радиаторлары өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы жыл сайын "Бiрлiк" акционерлiк қоғамы мен Шадринск "Автоагрегат" акционерлiк қоғамына (Ресей Федерациясы) автомобиль радиаторларының есептi шығарылымына арнап, жез бен мыс прокатының қажеттi мөлшерiн бөлiп тұруды қарастырсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады