1. Бұрынғы "Қазақстанкөмiр" корпорациясының отын шаруашылығы басқармасы және отын шаруашылығы облыстық басқармаларының негiзiнде "Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания деп аталады) құрылсын.
2. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаты халықтың, соның iшiнде оның аз қамтамасыз етiлген топтарын, коммуналдық-тұрмыстық, ауыл шаруашылық кәсiпорындардың және майда көтерме тұтынушылардың қатты отынға деген қажеттiгiн қамтамасыз ету, жергiлiктi маңызы бар көмiр кен орындарын игерудi ұйымдастыру үшiн Компанияға қатысушылардың қаржы ресурстарын шоғырландыру, шетел инвесторларын тарту, өндiрiстi диверсификациялау және оған кiретiн кәсiпорындарды тиiмдi пайдалану стратегиясын анықтау және қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында олардың қызметiн үйлестiру болып белгiленсiн. <*>
Ескерту. 2-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРМК 1994 ж.
10 қазандағы N 1132 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiп бойынша: құрамына қосымшаға сәйкес ұйымдар мен кәсiпорындар кiретiн Компанияны құру туралы құжаттар пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн;
Компанияға кәсiпорындардың, ұйымдардың, сондай-ақ бұрын құрылып, Компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн заңда белгiленген тәртiппен иелену, пайдалану және басқару құқығы берiлсiн.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды акцияландыру барысында акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялар пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары арналған (II кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Компанияның иеленуi, пайдалануы және басқаруына берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Компанияға тұрмыс жағдайы төмен азаматтарды көмiрмен қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк бюджеттен қаржы бөлетiн болсын.
5. Компанияның орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
6. Компанияның басшыларын тағайындау және бекiту Қазақстан
Республикасы Министрлер Каабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру барысында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметi мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ мемлекеттiк "Қазотын" республикалық отын шаруашылығы бiрлестiгiн құру туралы" 1991 жылғы 8 мамырдағы N 300 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 15, 90-бап) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қарашадағы N 1108 қаулысына Қосымша "Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Жауапкершiлiгi шектеулi "Қара алтын" серiктестiгi, Алматы қаласы Ақтөбе облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Ақтөбеоблотын), Ақтөбе қаласы Шығыс Қазақстан облыстық отын басқармасы (Өскеменоблотын), Өскемен қаласы Атырау облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Атырауоблотын), Атырау қаласы Жамбыл облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Жамбылоблотын), Жамбыл қаласы Жезқазған облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Жезқазғаноблотын), Жезқазған қаласы Қарағанды облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Қарағандыоблотын), Қарағанды қаласы Қызылорда облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Қызылордаоблотын), Қызылорда қаласы Көкшетау облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Көкшетауоблотын), Көкшетау қаласы Қостанай облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Қостанайоблотын), Қостанай қаласы Маңғыстау облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Маңғыстауоблотын), Ақтау қаласы Павлодар облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Павлодароблотын), Павлодар қаласы Солтүстiк Қазақстан облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Петропавлоблотын), Петропавл қаласы Семей облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Семейоблотын), Семей қаласы Талдықорған облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Талдықорғаноблотын), Талдықорған қаласы Торғай облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Арқалықоблотын), Арқалық қаласы Батыс Қазақстан облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Оралоблотын), Орал қаласы Ақмола облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Ақмолаоблотын), Ақмола қаласы Оңтүстiк Қазақстан облыстық отын шаруашылығы басқармасы (Шымкентоблотын), Шымкент қаласы "Адина" шағын кәсiпорны, Алматы облысы "Мәдина" акционерлiк қоғамы, Семей облысы "Ойқарағай" акционерлiк қоғамы, Алматы облысы Мойынқұм көмiр кен орны, Жамбыл облысы Таскөмiр кен орны, Оңтүстiк Қазақстан облысы Кендiрлi кен орны, Шығыс Қазақстан облысы Қызылқаспақ-Айыржал кен орны, Маңғыстау облысы