"Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 9 желтоқсан N 1230. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.03.14. N 258 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 шiлдедегi N 1291 Жарлығын орындау және нарықтық экономикаға көшу кезеңiнде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнеркәсiптiк өндiрiсi жүйесiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Живпром" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде қосымшаға сәйкес "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Мемлекет иелiгiне алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк меншiгiн Компаниямен бiрлесе отырып қайта құру тапсырылсын. Құрылатын акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, белгiленген тәртiппен сатылатын акциялар пакеттерiнен басқалары, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай Компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
      3. Компания Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша селекция-мал тұқымын асылдандыру жұмысының ең жоғары тиiмдiлiгiне жету және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, Компанияға кiретiн кәсiпорындарды жаңғырту үшiн шетелдiк инвестицияларды тарту мен пайдалану жұмысын жүргiзедi, өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде айналадағы ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысады деп белгiленсiн.
      4. Компания "Живпром" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң мүлiктiк

құқылары мен мiндеттерiн иеленушi болып табылады деп белгiленсiн.
     5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi 
мемлекеттiк комитетiне бұрын құрылған, Компания құрамына кiретiн
акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң 
белгiленген бөлiгiн иелену, пайдалану және басқару құқы берiлсiн.
     6. "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды ұйым
болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары, өз Жарғысы
негiзiнде жұмыс iстейдi және республикалық агроөнеркәсiп кешенiнiң
құрамына кiредi.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 9 желтоқсандағы
                                         N 1230 қаулысына
                                          Қосымша
            "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
                   құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                             Тiзбесi
            Ақмола облысы
     Карл Маркс атындағы совхоз
     С.М. Киров атындағы совхоз 
     "Заветы Ильича" совхозы

            Ақтөбе облысы
     "Первомай" совхозы
     "Тамды" совхозы
     "Хлебодаров" совхозы

            Алматы облысы
     "Жетiген" совхозы
     "Iле" совхозы
     "Қаскелең" совхозы
     КПСС XXVII съезi атындағы совхоз
     "Шеңгелдi" совхозы
     "Талғар" совхозы

            Атырау облысы
     "Алғабас" совхозы
     "Теңiз" совхозы
            
            Шығыс Қазақстан облысы
     "Зырянов" совхозы
     "Красный партизан" совхозы
     "Михайлов" совхозы
     "Үлбi" совхозы
     "Өскемен" совхозы
     "Перворесей" совхозы

            Жамбыл облысы
     "Ойтал" совхозы
     "Қақпатас" совхозы
     "Жуалы" совхозы

            Жезқазған облысы
     Балқаш шошқа кешенi

            Қарағанды облысы
     "Волынский бекон" акционерлiк қоғамы

            Қызылорда облысы
     "Айдарлы" совхозы
     "Бiрлiк" совхозы
            
            Көкшетау облысы
     "Златополь" совхозы
     "Көкшетау" совхозы
     "Октябрь" совхозы
     "Прогресс" совхозы
     "Червонный" совхозы

            Қостанай облысы
     "Қазахстанец" совхозы
     Бейiмбет Майлин атындағы "Красносель" совхозы
     "Соколов" совхозы

            Павлодар облысы
     "Ефремов" совхозы
     "Дружба" совхозы

            Солтүстiк Қазақстан облысы
     "Совет" агрофирмасы
     "Токушин" мемлекеттiк кооперативтiк-өндiрiстiк бiрлестiгi
     "Фурманов" совхозы

            Семей облысы
     Ленин атындағы совхоз
     "Индустриальный" совхозы
     "Семенов" совхозы
     "Балапан" совхозы
     "Канонер" совхозы
     "Қызыл Қазақстан" совхозы

            Талдықорған облысы
     "Бiрiншi май" совхозы
     "Көксу" совхозы

            Торғай облысы
     "Двуречный" совхозы
     Совет Армиясының 60 жылдығы атындағы совхоз
     "Октябрь" совхозы

            Оңтүстiк Қазақстан облысы
     "Шұбар" совхозы
     "Боралдай" совхозы



      Ескерту. Бұрын "Живпром" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң құрамына кiрген Павлодар облысының Қазақ КСР-iнiң 30 жылдығы атындағы колхоз, Оңтүстiк Қазақстан облысының Төле би аудандағы "Победа" колхозы және Сайрам ауданындағы "Победа" колхозы колхоздардың еңбек ұжымы жалпы жиналысының шешiмi бойынша Компания құрамына кiре алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады