"АЖАР" МЕМЛЕКЕТТIК АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 5 сәуiр N 333. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.10.28. N 1395 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану мен қорғау мәселелерiнде мемлекеттiк және шаруашылық басқаруды ажырату мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк мұнай мен газ алуға бұрғыланатын ұңғымаларды геофизикалық зерттеу жөнiндегi тресiнiң құрылымдық бөлiмшелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында мұнай мен газ алуға бұрғыланатын ұңғымаларға геофизикалық жұмыстарды жүргiзетiн "Ажар" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын (N 1 қосымшаға сәйкес құрамда) құру туралы ұсынысы құпталсын.
      Компания басқармасының орналасқан жерi Ақтөбе қаласы болып анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Зерттеу", "Топаз", "Маржан", "Алға", "Тұлпар", "Поиск", "Ақ Бота", "Сенiм", "Жарыс", "Толқын" мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы" 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысымен құрылған "Толқын" компаниясы құрамынан N 2 қосымшадағы ұйымдар мен кәсiпорындар шығарылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ажар" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының (бұдан былай - Компания) құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ Компания құрамына енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын заңдарда белгiленген тәртiп бойынша оған табыстайтын болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакеттерiнен басқасы Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында белгiленген тәртiппен Компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
      4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаты конкурстық және эксаумақтық негiзде мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебiнен де скважиналық геофизикалық жұмыстар жүргiзу деп белгiленсiн және оған:
      қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдай туғызу үшiн өз құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрiп отыру;
      геофизикалық жұмыс жүргiзуге арналған тапсырыстарды iздестiру;
      қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым құруды өз құрамына кiретiн кәсiпорындарға жәрдемдесу;
      геофизикалық жұмыс процесiне ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн енгiзу;
      Компанияның құрамына енген кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындау және бекiту;
      еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өздерiнiң өкiлдерiн тағайындау;
      Компанияда жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөнiндегi функциялар мен мiндеттерге құқылы мирасқорлықты қамтамасыз ету жүктелсiн.
      5. Компания бұдан бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың байқаушы кеңестерiнiң құрамына өзiнiң өкiлдерiн тағайындасын және оның басшылығы бұрынғы қалпында қалдырылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
      Компанияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қолдансын;
      Компанияға кiретiн кәсiпорындар және мемлекеттiк басқару функцияларын атқаратын ұйымдар арасындағы негiзгi құрал-жабдықтар бөлiнiсiн жүзеге асырсын;
      Байқаушы кеңестiң дербес құрамын және компания президентiнiң қызметiне кандидатураларды келiсiп алу үшiн бiр апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсыныс енгiзсiн.
      7. Компанияның Байқаушы кеңесi бiр ай мерзiмде Компания басқармасының құрылымы мен аппаратының санын анықтасын.
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық комитеттерi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Байланыс министрлiгiмен бiрлесiп, қолдағы ресурстардың есебiнен Компанияға қажеттi қызметтiк үй-жайлар, техникалық құралдар, телефон және телекс байланысы арналарын бөлетiн болсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 5 сәуiрдегi
                                            N 333 қаулысына
                                             N 1 қосымша
             "Ажар" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн
                         ұйымдар мен кәсiпорындардың
                              ТIЗБЕСI
      Қазақ мемлекеттiк мұнай мен газ алуға бұрғыланатын ұңғымаларды
      геофизикалық зерттеу жөнiндегi трестiң ұйымдары:
Ақтөбе ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Ақтөбе ҰГЗЭ), Ақтөбе облысының Қарғалы селосы
Батыс Қазақстан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Батыс Қазақстан ҰГЗЭ), Атырау облысының Придорожный поселкесi
Маңғыстау ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Маңғыстау ҰГЗЭ), Ақтау қаласы
Түлкiбас ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Түлкiбас ҰГЗЭ), Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас стансасы
Орал ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Орал ҰГЗЭ), Батыс Қазақстан облысының Подстепное поселкесi
                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 333 қаулысына N 2 қосымша

             "Толқын" мемлекеттiк холдинг компаниясы
         құрамынан шығарылатын ұйымдар мен кәсiпорындардың
                              ТIЗБЕСI
      Қазақ мемлекеттiк мұнай газ алуға бұрғыланатын ұңғымаларды
      геофизикалық зерттеу жөнiндегi трестiң ұйымдары:
Ақтөбе ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Ақтөбе ҰГЗЭ), Ақтөбе облысының Қарғалы поселкесi
Батыс Қазақстан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Батыс Қазақстан ҰГЗЭ), Атырау облысының Придорожный поселкесi
Маңғыстау ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Маңғыстау ҰГЗЭ), Атырау қаласы
Түлкiбас ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Түлкiбас ҰГЗЭ), Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас стансасы
Орал ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясы (Орал ҰГЗЭ), Батыс Қазақстан облысының Подстепное поселкесi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады