ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1995 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ИНДИКАТИВТI ЖОСПАРЫН ӘЗIРЛЕУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 29 сәуiр 1994 ж. N 452

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк-экономикалық дамуының ағымдағы индикативтi жоспарларын әзiрлеудiң тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      Министрлiктер, ведомстволар, ұлттық акционерлiк және мемлекеттiк холдинг компаниялары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, басқа да мемлекеттiк басқару органдары Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне материалдардың бекiтiлген Тәртiпке сәйкес дер кезiнде табыс етiлуiн қамтамасыз етсiн.

     Қаржы-өнеркәсiп топтарына, экономиканың мемлекеттiк емес
секторындағы кәсiпорындар мен ұйымдарға индикативтi жоспарлар
әзiрлеуге қатысу ұсынылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылғы
1 қазанға дейiн:
     Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған 
әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспарын;
     2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған iрiлендiрiлген 
макро-экономикалық болжамды әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 29 сәуiрдегi
                                           N 452 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
     
            Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
            дамуының ағымдағы индикативтi жоспарларын әзiрлеу
                             ТӘРТIБI
     
     Аталған Тәртiп Қазақстан Республикасының 

әлеуметтiк-экономикалық дамуын индикативтi жоспарлаудың Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстердiң ұлттық кеңесi 1993 жылғы маусым айында мақұлдаған Тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi.
      1. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволары, жергiлiктi әкiмдерi, ғылыми мекемелерi жыл сайын 1 мамырға дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жоспарланатын жылдағы экономикалық саясаттың тиiстi бағыттары бойынша, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызмет жағдайын реттейтiн заңдық және нормативтiк актiлердi жаңадан қабылдау немесе олардың қолданылып жүргендерiн өзгерту жөнiнде ұсыныстар, сондай-ақ олар қабылданған ретте беретiн ықтимал нәтижелерiнiң сарапшылық бағасын табыс етедi.
      Ұсыныстар Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы, ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлардың негiзгi мiндеттерi, Дағдарысқа қарсы шаралар мен экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасы ескерiлiп әзiрленедi.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Еңбек министрлiгi және Қазақстан Республикасының Статистика мен талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Ұлттық банкiмен бiрлесiп, 1 мамырға дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне оның сұрау салуы бойынша макроэкономикалық болжам мен жоспар әзiрлеу кезiнде министрлiктерге, ведомстволарға мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарына, облыстардың, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерiне қаржы-өнеркәсiп топтарына бағдар ретiнде жiберiлетiн көрсеткiштердi әзiрлеу үшiн қажеттi ақпаратты табыс етедi.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi экономикалық саясаттың тарамдарын мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, жергiлiктi әкiмдермен, ғылыми және басқа да ұйымдармен келiсе отырып, 20 мамырға дейiн қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 10 маусымға дейiн жүргiзiлген жұмыстың негiзiнде мемлекеттiк экономикалық саясаттың басты бағыттары оны жүзеге асыру жөнiндегi Үкiмет iс-қимылының жоспары бойынша ұсыныстарды және жоспарланатын жылдағы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң бағасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етедi.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi табыс етiлген материалдарды 20 маусымнан кешiктiрмей қарайды.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жоспарланатын жылдағы мемлекеттiк-экономикалық саясатты, Үкiметтiң iс-қимыл жоспарын Үкiмет қарап, мақұлдағаннан кейiн экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, индикативтi жоспарды әзiрлеуге арналған нысандар мен көрсеткiштердi, сондай-ақ жоспарланатын жылдағы жоспарларды талдап жасауға бағдар ретiнде пайдаланатын болжамды экономикалық ақпаратты министрлiктерге, ведомстволарға, ұлттық акционерлiк және мемлекеттiк холдинг компанияларына, басқа да мемлекеттiк басқару органдарына, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне, қаржы-өнеркәсiп топтарына бiр апталық мерзiмде:
      - аса маңызды демографиялық және макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамын;
      - экономикалық реттеудiң ұсынылатын өлшемдерiн;
      - iрiлендiрiлген өндiрiс балансының және өнiмдердi тұтынудың, жұмыс атқару мен қызмет көрсетудiң негiзiнде мемлекет мұқтажы (мемлекеттiк сатып алу) мен экспортты ескерiп, республика халық шаруашылығының стратегиялық өнiм түрлерi өндiрiсiндегi қажеттiлiктерiнiң болжамын;
      - Үкiметтiң экономикалық саясатындағы басымдылықтарға сәйкес мемлекеттiк кредиттiк ресурстардың көзделiп отырған бағыттарын хабарлайды.
      4. 3-тармақта аталған материалдар кәсiпорындар мен ұйымдарға бiр апта мерзiмде төмендегiдей тәртiппен хабарланады:
      - мемлекеттiк меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдарға - министрлiктер, ведомстволар, ұлттық және мемлекеттiк холдинг компаниялары, басқа да мемлекеттiк басқару органдары;
      - мемлекеттiк емес кәсiпорындар мен ұйымдарға - облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi;
      - қаржы-өнеркәсiп топтары, холдинг компаниялары және басқа да бiрлестiктер құрамына енетiн кәсiпорындар мен ұйымдарға - тиiстi құрылымдар хабарлайды.
      5. Кәсiпорындар мен ұйымдар алынған ақпарат негiзiнде өзiнiң даму жоспарын дербес түрде айқындайды, жоспарланатын жылға арналған өндiрiстiк бағдарламаларды қалыптастырады және өздерiнiң ниеттерi туралы тиiстi мемлекеттiк басқару органдарына, жергiлiктi әкiмдерге қаржы-өнеркәсiп топтарына 1 тамыздан кешiктiрмей хабарлайды.
      6. Министрлiктер, ведомстволар, ұлттық-акционерлiк және мемлекеттiк холдинг компаниялары, басқа да мемлекеттiк басқару органдары, жергiлiктi әкiмдер, қаржы-өнеркәсiп топтары қорытындыланған ақпаратты 15 тамыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жiбередi.
      7. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жобасымен және республика Ұлттық банкiнiң кредиттiк ресурстарының болжамымен өзара сабақтастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Ұлттық банкке индикативтi жоспардың алдын-ала көрсеткiштерiн - 10 маусымға дейiн, ал нақтыланған көрсеткiштерiн - 1 қыркүйекке дейiн хабарлайды.
      8. Индикативтi жоспардың жобасы мемлекеттiк бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде 1 қазаннан кешiктiрiлмей республика Үкiметiне табыс етiледi.
      9. Экономикалық мемлекеттiк басқару органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi индикативтi жоспардың жобасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнде қаралғаннан кейiн оны пысықтауды қамтамасыз етедi және оның түпкiлiктi нұсқасын республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасымен бiр мезгiлде 1994 жылғы 1 қарашадан кешiктiрмей республика Үкiметiне табыс етедi.
      10. Осы Ереже ағымдағы индикативтi жоспарларды әзiрлеудiң тәртiбi мен мерзiмiн реттейтiн жаңа құжат қабылданғанға дейiн қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады