Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылдың егiнiнен астық дайындау тәртiбi туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 8 қыркүйек 1994 ж. N 1013. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

      Республикада қалыптасқан қаржы-кредит қиындығына байланысты және мемлекет мұқтажы үшiн астық дайындауды қамтамасыз ету, мұнай өнiмдерiнiң орталықтандырылған берiмiне қарызын ауыл шаруашылық тауарларымен өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылдың егiнiнен "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына шаруашылықтардың астық беруi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн сатып алу көлемiн көрсетпеу туралы" 1994 жылғы 8 тамыздағы N 883 қаулысында белгiленген көлемде мынадай жағдайда:
      а) "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының шаруашылықтарға берiлген күнгi нақты құнын басшылыққа ала отырып үшiншi класты бидайдың үштен бiр бөлiгiне түстi мұнай өнiмдерiнiң орташа бiр бөлiгiнiң ара қатынасында берген мұнай өнiмдерiне;
      "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мен "Ақ жол" және "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдингтiк компанияларының астықтың құны мен материалдық-техникалық ресурстарды берген күнгi құнын басшылыққа ала отырып оның көлемiне;
      б) "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы контрактация шартында баяндалған сатып алу бағасына төлем жасау күнгi дағдарысты ескере отырып, қаржы ресурстарын iздестiру жағдайына қарай, бiрақ 1994 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, астықтың контракт жасалған көлемiнiң қалған бөлiгiне (алынған мұнай өнiмдерi мен материалдық-техникалық ресурстар үшiн есеп айырысқаннан кейiн қалғанына) төлем жасап, есеп айырысу тәртiбiмен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      Осы астықты өңдеу мен сақтау мақсатында астық қабылдау кәсiпорындарына беру оған есеп айырысу жайына қарамастан егiн орағы кезеңiнде немесе тiкелей ол аяқталғанда жүзеге асырылуы тиiс.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсаттарға қажеттi қаржы ресурстарын бюджетте жинақтауды және бөлудi қамтамасыз етсiн.
      2. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, "Астық", "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары және "Ақ жол", "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниялары ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арқылы мемлекет мұқтажы үшiн астық беру жөнiндегi тиiстi шарттарды хаттайтын болсын.
      Астық болмаған немесе өнiмдер сапасыз болған жағдайда агроөнеркәсiп кешенiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн қарыздарды басқа ауыл шаруашылық өнiмдерiмен немесе мүлiкпен өтеу жөнiнде кепiлдiкпен қамтамасыз етсiн.
      3. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Мұнай өнiмдерi" "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компанияларына және "Ақ жол", "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компанияларына мемлекет мұқтажына арналған астыққа төлем тәртiбiмен ауыл шаруашылығына берiлген мұнай өнiмдерi мен басқа да материалдық-техникалық ресурстар құнына қарызын өтеудi оны iздестiру жағдайына қарай республикалық бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырсын.
      4. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi тауар өндiрушiлердiң мемлекеттiк ресурсқа бiрiншi кезекте астық беруiне қатаң бақылау жасасын.
        Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады